Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет51/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

57. Жасырынбақ (1 түрі).
Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз жасырынатын жері бар алаңдарда ойналады. Ойнаушылар жиналғаннан кейін, жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін іздеуші көзін басып тұрып дауыстап санайды да іздеуге кіріседі. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге жүгіріп келулеріне болмайды.
Жасырынбақ (2 түрі)
Ойынға жиналған балалардың барлығы шеңбер құрып, ойын бастаушының айналасына тұрып, тақпақтап санамақ айта бастайды. Санамақтың бірнеше түрі бар.
Қандай жылы күн шуақ,
Балапандар жүр шулап.
Қызығына қараймын,
Бір, екі, үш... деп санаймын.
Шөжелерім, шөп-шөп-шөп.
Жем шашайын көп-көп-көп.
Он екенсің бәр-бәрің,
Отыз түйін бар дәнім.
Әрқайсыңа қаншадан,
Теріп жеңдер соншадан.
Немесе, ойын бастаушы алақанын төмен қарата бір қолын жоғары көтереді, ал барлық балалар бір-бір саусағын соның астына тигізіп ұстап тұра қалады. Ойын бастаушының «бір, екі, үш» деген сөзінен кейін, балалар саусақтарын алақаннан тез тартып алады. Саусағы алақанда ұсталған бала көзін жұмып, басқалары тығылады. Көзін жұмған бала қырық не елуге дейін санап, тығылған баларды іздейді. Әр баланы тауып алған сайын өзі тұрған жерін алақанымен соғып отырады. Балалардың алдына ала келісуімен, ең бірінші немесе ең соңғы қалған бала көзін жұмып, ойын қайта басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет