Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет54/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

64. Доп таяқ
Бұл ойынды көбіне қыста мұз үстінде, не тегіс қатқан қар үстінде ойнайды, сонымен қатар жылдың барлық мезгілдерінде де ойнай беруге болады.
Әр ойыншыда басы қайқы қақпа таяғы мен кіші добы болуы керек. Доп резеңкелі немесе басқа заттардан да жасала береді. Ертеде көбіне жүннен жасалған доптар пайдаланатын болған.
Алдымен ортадан шеңбер сызылады, оның үлкен кішілігі ойыншылар санына байланысты болады. Сол шеңбердің ортасында бір қазан (ұя) қазылады. Одан соң шеңбердің бойымен әр ойыншы өзіне қазан қазып алады. Екі ойыншының қазандарының арасы бір адымдай болуы керек. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос қазанды күзетіп тұрады, яғни әр ойыншы өзінің добын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады, ал ортадағы ойыншы өзі қорғап тұрған қазанға допты түсірмеуге тырысады, сонымен қатар ортаға соғылған допты таяғымен ұстап алып, соққан ойыншының шеңбер бойындағы қазанына қайтара түсіруге тырысады. Егер түсіре алса ойыншылар орын алмастырады. Ортадағы қазанға кім добын түсіре алса, сол адам ұпай алады. Ортадағы шұңқырға допты соғу сағат уақыты бағытына қарай ойыншылармен кезек-кезек орындалады. Сөйтіп ойын жалғаса береді. Неғұрлым көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.
65. Ағаш аяқ
Ұзындығы 2-2,5 метр болатын, жуандығы қолға ұстауға қолайлы екі ұзын таяқ дайындалып алынады. Бір ойыншыға екі таяқ керек. Таяқтардың орта тұсына адамның аяғын басып тіреп тұратын тиянақ жасалады. Ойыншы екі аяғын әлгі таяқтардағы тиянаққа қойып жоғары көтеріліп, таяқтардың жоғарғы басын екі қолтығына қысып ұстап тепе-теңдігін сақтап таяқпен әрлі-берлі жүреді, жүгіреді, жүгіріп жарысады, секіреді. Ағаш аяқты қолдану цирк ойындарында жиі қолданылады. Таяқпен жүру, жүгіру, секіру жарыстары ұйымдастырылады.
Ағаш аяқ ойыны балаларды ептілікке, батылдыққа тәрбиелейді.
66 Белбеу тастау (1 түрі)
Ойынды кең бөлмеде, аулада ойнауға болады. Қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойыншылар екі топқа бөлініп аралары 10-15 метрдей жерге барып, бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады. Ойынды басқарушы кез келген жақтың ойыншысының біріне белбеу ұсынады. Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, белбеуді елеусіздеу етіп, бір ойыншының артына аяғы астына тастай салып, өзі өз тобына қарай қаша жөнеледі. Аяғының астына белбеу тасталған ойыншыны қашқан ойыншыны дереу қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Ұрып үлгерсе оны өз тобына әкеліп қосады, үлгере алмаса өзі сол топта қалып қояды. Ойын аяғында қай топтағы ойыншылар саны көп болса, сол топ жеңімпаз аталады.
Белбеу тастау (2 түрі)
Жиналған ойыншылар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзі қалаған ойыншының артына білдірмей белбеуді тастап кетеді. Отырған ойыншылар арттарына қарап, немесе қолдарымен сипалап белбеудің бар жоғын тексерулеріне болмайды. Жүргізуші шеңберді айналып қайтып келіп, артына тастаған ойыншы артынан белбеуді алады да, сол ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрып, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойыншы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала сала, ойын жүргізушіні қуалап, бос орынға отырғанша соғады. Ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет