Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет147/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
Е. алимханов

Дене шынықтыру – арнайы дене жаттығулары арқылы адамдардың қимыл-қозғалыс, дене-күш қаблеттерін арттыру, жетілдіру денесін шынықтыру.
Дене мәдениеті – бұл қоғам мен адам мәдениетінің бір түрі болып саналады, оның мақсаты денсаулықты сақтау, дене қабілеттерін арттыру арқылы адамдарды еңбекке және отан қорғауға дайындау. Дене мәдениеті адамның рухани өсуіне ықпал етуімен қатар, жалпыадамзаттық мәдениеттің дамуына үлес қосады.
Дене тәрбиесі құралдары – дене жаттығулары, табиғаттың сауықтыру мүмкіндіктері, гигиеналық талаптар жиынтығы.
Спорт – жарыстық негізге бейімделген ойындар түрлері. Спорт жарыстары арнайы бекітілген ережелерге бағынып өткізіледі, жарыс жеңімпаздары анықталады. Спорттағы түпкі мақсат ең жоғарғы нәтиже көрсету, жеңу блып табылады.
Кәсіпқой спорт – спортшы күн көрісі, табысының басты кірісі спорт болып табылады. Кәсіпқой спортта спортшы еңбегі тауар болып саналып, еңбек ақы келісілген шарт бойынша реттеледі.
Дене күш-қуаты – адам денесі күш-қуатының өсіп жетілуі, олар шартты түрде күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік түрлеріне бөлінеді.
Бұқаралық спорт – дене мәдениетінің бір бөлігі, дене тәрбиесі оның ішінде спорт түрлері және ұлттық спорт пен ойындар, жаттығулар арқылы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстар. Бұқаралық спорттың негізгі мақсаты адамдар денсаулығын нығайту, салауатты өмір сүруге бейімдеу болып табылады. Осы жұмыстар аясында спорт түрлеріне талантты спортшыларды анықтау мақсаты да қойылады.
Салауатты өмір салты – адамның мақсаты түрде денсаулығына зиянды әрекеттерге бармауы және сақтануды үйренуі. Салауатты өмір салтын құру ғылымы адам ағзасына еңбек түрлерінің, қоршаған ортаның пайдалы және зиянды жақтарын көрсетуге және ауырмаудың жолдарын үйретуге негізделген.
Ойын барысында ойнаушылардың шартты түрде рөлдерге бөлінуі:

  • Жүргізуші;

  • Басшы;

  • Ойыншылар;

  • Негізгі ойыншы;

  • Көмекші ойыншы;

  • Бақылаушы;

  • Тұрушы;

  • Заттарды беруші;

  • Жинақтаушы;

  • Өлшеуші;

  • Жетекші;

  • Топтаушы;

  • Санаушы;

  • Кезектегі ойыншы;

  • Қосалқы ойыншы;

  • Қарауылшы ойыншы т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет