Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет41/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

27. Хан ату
Аумағы екі-үш қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үштен (не одан да көп) асық тігеді. Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он-он бес қадамдай қашықтан тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады да, ары қарай сақасының жатқан жерінен (егер сақа сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртына ғана атуға болады) қайтадан ата бастайды Егер ойыншы бірде-бір асықты дөңгелек көннің сыртына шығара алмаса ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде асықтарды қайта тігіп ойын жалғаса береді.
28. Кетсін бір
Ойынға қатысушылардың саны екіден аспауы керек. Екеуі сақаларын біріктіріп, кезек алу үшін иіреді. Бірінші кезек алған ойыншы өз қарсыласының сақасын шамасы келгенше алысқа ұшыруға тырысады. Сақаның алғашқы жатқан жерінен ұшып барған орнына дейінгі арақашықтықты табан ұзындығымен өлшейді, қанша табанға ұшырса, яғни атушы өзінің қойған шарты бойынша сақаны ұшырған қашықтығына байланысты ұтқан асығын алады. Ондағы шарт, айталық, әр үш табанға бір асық, болмаса, табан басына бір асық бола ма, ол ойыншылардың өзара келісулеріне байланысты. Сондықтан бірінші атушы бірге, екіге, үшке, төртке, тағысын тағы кеттім деп шарт қояды. Бұдан соң екінші ойыншы қарсыласының сақасын атады. Ол да өзінің шартын қояды. Осылайша кезектесумен ойын жалғаса береді.
29. «Көк шолақ»
Бұл ойынды бес-алты балаға дейін ойнай алады. Егер қарсылас бала бір ғана асық атып алса, кезегін екінші балаға бергенде, «Көк шолағым» деп, атып алған асығын топ асықтың ішіне қосып жібереді. Екінші баланың атқалы тұрған асығын, «Мынау менің «Көк шолағым» деп алып қоюға еркі бар. Бұл әрекет қарсыласқа бөгет жасау үшін қолданылады. Және үш асық қатар не бүк, не шік жатса, не тәйкі, не алшы тұрып қалса, осы ортадағы асықты мынау менің «Көк шолағым» деп алып қояды. Үш-төрт асық алғаннан кейін «Көк шолақ» күшін жояды.
30. Хан ойыны
Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға өзара келісімдері бойынша әрқайсысы ортаға 5-10 асықтарын шығарады. Содан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі (түсі бөлек) асықты «Хан» сайлайды. Ойын жүргізуші барлық асықты жинап алып, қос қолдап иіре ортаға тастай бастайды. Барлық асықты иірген кезде «Хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бас салып, асықты талап алады. Екінші жағдайда иіргенде «Хан» ашық жатса, онда «ханмен» асықты атады. Айталық, «Хан» бүк түссе, онда «ханмен» бүк жатқан асықты ату керек, шік түссе, шік жатқан асықты ату керек, тағысын тағы жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шартын бұзғанша не болмаса «ханмен» ататын асық болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді. Асық біткеннен кейін ойнаушылар ортаға қайтадан асық шығарып, ойынды жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет