Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет40/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

26. Асық ойындары
Көне ұлттық ойындардың бірі асық ойындары негізінен ер балаларға тән, дегенмен қыз балалар да ойнаулары мүмкін. Үлкен, ірі оңқай асықты сақа дейді. Қажет болса сақаның ішін ойып, қорғасын құйып, салмағын арттырады. Асық ойынын жаздыгүні тақыр жерде, ал қыстыгүні бөлмеде ойнайды. Екі бала, не екі топ ойнауы мүмкін. Ойынның негізгі мақсаты бір-бірінен асық ұту.
Ойын жүргізуші ойыншылардың сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді асық пен сақасы екеуі де алшы түсіп, бірақ асық сақаның қарама-қарсы жағында жатса да ойыншы асықты алады, тағы атады. Егер сақа мен асық екеуі екі түрлі түрлі түссе, онда ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы (сақасын иірген кезде тәйке түссе) өз кезегінде өзінен кейінгі кезекте тұрған ойыншының көмбеде тәйке тұрған сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады. Тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Сақалары бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойында жалғастыра береді.
Асықтың түрлері:
Кеней-кентай – асық ойнында ұпайға тігілетін асық;
Сақа – асықтың үлкені, ірісі, сақасы;
Ешкімер – ешкінің асығы;
Қойлық – қойдың асығы;
Құлжаз – құлжаның асығы;
Топай (сомпай) – сиырдың асығы;
Шүкейіт – киіктің асығы;
Пұш – тәйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық.

Асықтың түсуіне байланысты атаулар:


Алшы – асық тәйкесіне қарама-қарсы іші шұңқыр жағы;
Тәйке (тәйкі) – асықтың алшысына қарама-қарсы жағы;
Бүге (бүк) – асықтың шігесіне қарама-қарсы бүкірейген жағы;
Шіге (шік) – асықтың бүгесіне қарама-қарсы іші шұңқыр жағы;
Оңқа – асықтың аша жағының төмен қарап тік тұру қалпы;
Шоңқа – асықтың аша жағының жоғары қарап тік тұру қалпы;
Қынжы (жантай) – бүге де, шіге де емес, бір бүйіріне жантайған, қырымен тұрған қалпы.
Асықты иіру – мақсаты асықты алшысынан немесе тәйкесінен түсіру үшін иіру. Иіру, асықты бас бармақ пен ортан терек немесе балан үйрек саусақтары арқылы иірген асықтың оңнан, солға қарай айналуы арқылы орындалады.
Асық ойындарына қой, арқар және еліктің асықтары жарайды. Олар түрлі бояулармен боялып, ірілері сақа етіп алынады. Сақа салмақты болу үшін кейде ортасын тесіп, оған қорғасын ерітіп құйған. Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі алшы – асықтың тік тұрғандағы иректеу болып біткен ойық беті, тәйке – асықтың тік тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан жатқан (томпақ) беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың етпетінен жатқан ойық жағы.
«Асықтың да ханы болады. Ол – әрі оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен қойдың асығы. «Ханды» балалар қынға бояйды. Асық ойынының бір түрі. Ойынға қатысатын балалар сан мөлшерін бірдей ғып асық шығарады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатысатын балалар «ханды» жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді. Тәртіп: бүкті бүкпен ғана, шікті шікпен ғана, алшыны алшымен ғана, тәйкіні тәйкімен ғана, шомпыны шомпымен ғана ату және бір ғана үсік саусағымен ату. Бала ең алдымен «ханды» атып алады. Асықты алғаш шашқанда, «хан» алшы түссе, «хан таламақай» болады, онысы- шашылған асықты үлгергенше талап алу. Бұл «таламақай» да, әр бала қолына «ханды» түсіруге тырысады». (С. Мұқанов. Өмір мектебі. 9 том. Алматы: «Жазушы» 1976).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет