Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет96/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

172. Қасқұлақ
Ойнаушылар жиналғаннан кейін, іштерінен «күзетшіні» және «қасқырды» сайлайды. «Қасқырдың» басына ақ орамал байланады. Қалған ойыншылар «қой» болады да, жан-жаққа бытырап түн қараңғысына кіріп жоқ болады, демек ұзап барып тығылады. «Қасқыр» да өз бетінше «күзетшінің» көзіне түспес үшін барып тығылады. «Қойлар» әбден жайғасып тығылып болғаннан кейін, «күзетші» көзімен көріп, қойларын» күзетуге кіріседі. Ал «қойлар» болса, тығылған беттерінде қозғалмайды. «Күзетшінің» мақсаты – «қойды» күзету, «қасқырдың» мақсаты – «күзетшінің» көзін ала беріп «қой» ұрлау. Сонымен «күзетші мен қасқыр» бірін-бірі аңдумен болады. «Қойлардың» жатқан жерін екеуі де білмейді. Себебі қойлар тығылғанда, «күзетші» мен «қасқыр» екеуі теріс қарап тұрады. Ал «қасқыр» «қойға» шапқан кезде «күзетшінің» көзіне түспеуі керек, егер көзге түсіп қалса, қашуға мәжбүр болады, ал «күзетші» болса, «қойларын» одан аман алып қалуға тырысады.
Басында ақ орамалы бар «қасқыр» қаншама көрінбегенімен, түрегеліп жүрсе бірден көзге түсетіні сөзсіз. Ойынның шарты бойынша «қасқыр» «күзетшінің» көзіне түспей келіп ұстап алса, «қой» қашпауы керек. Ондай жағдайда екеуі «күзетшіге» келіп орындарын алмасады, демек «қасқырдың» қолына түскен «қой» енді «қасқыр» болып ойнайды.
Ал «күзетші» «қасқырды» қуалап, «қойды» аман алып қалса, «қасқырдан» құтылған «қой» «күзетші» болып ойнайды. Ал басқа «қойлар» бірден, екіден, үштен тығылған бойларынша қала береді. Тек қана «қасқыр» мен «күзетшінің» арасындағы болып жатқан өзгерісті «күзетші» қатты дауыстап басқаларға жеткізіп тұрады, яғни пәленше «күзетші», түгенше «қасқыр» болды деп айқайлайды. Осылайша ойын жалғаса береді.
173. Аш қасқыр
Ойынға қатысуға шек қойылмайды. Ойыншылардың арасынан бір немесе екі «аш қасқыр» сайланады. Белгіленген алаң ортасында ойыншы «қойлар жайылып» жүреді. Ойынды «Аш қасқырлар» алаң сыртынан белгіленген жерден бастайды. Барлық ойыншы «қойлардың» мақсаттары «аш қасқырға» жеткізбей қашып жүрулері керек. Қай ойыншыға болсын «аш қасқырдың» қолы тисе, ол ұсталған болып есептеледі де, оның өзі енді «аш қасқырға» айналады да ойыншыларды қууға кіріседі. Осылайша ойыншылардың жартысы «аш қасқыр» болғанша ойын жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет