Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет161/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

201. Таяқтан аттау
Ойыншылар саны: 15-20 адам. Ойынның мақсаты: Ойыншы қолындағы екі ұшынан ұстаған гимнастикалық таяқшадан аяғымен тез аттауға үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар: гимнастикалық таяқшалар, ысқырық.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Ойынға дайындық: санау арқылы ойыншылар төрт топқа бөлінеді, топтар арасы алшақ болулары керек. Тізбектегі ойыншылардың арасы бір метр. Әр топта бірінші тұрған ойыншы қолындағы таяқшаның екі шетінен ұстап, денесін сәл еңкейтіп тұрады.
Ойын мазмұны: ойынның басталуына белгі берілген кезде ойыншылар екі аяғымен кезек және тез таяқшадан аттап өтіп, таяқшаны келесі ойыншыға береді, ол келесі балаға береді, сөйтіп ойын осылай тізбектегі барлық ойыншылар таяқшадан аттап өткенше жалғасады. Қай ойыншылар бұрын аттап өтсе, сол топ ойыншылары жеңіске жетеді.
Ойынның ережесі: ойыншылардың арақашықтығы бір метрден кем болмауы керек; таяқшаны екі қолмен шетінен ұстайды; таяқты келесі тұрған балаға басынан асырып беру қажет; ең соңғы бала таяқтан өте сала жүгіріп келіп тізбектің алдына тұрғаннан соң, қолын көтергенде ойын аяқталады.
Әдістемелік нұсқаулар: ойынды арнаулы таяқшалармен жүргізу қажет. Таяқшалар баланың қолын жарақаттамайтындай болғаны дұрыс. Топтың саны ойынның жүргізілетін орны мен сыныптағы оқушылардың санына қарай өзгеріп отырады. Ойынның педагогикалық маңызы: бала тік жүріп, еңкейіп те, шапшаң және икемді қимыл-қозғалыста болып, қолайсыз жағдайлардағы қимылдарды жылдам үйлестіріп әрекеттенуге дағдыланады. Ойыншылар басқаларды қадағалап, сонымен өзінің әрекетін сәйкестендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет