Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет157/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

195. Бұрыш тап
Ойыншылар саны: 15-20 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы
Керекті құрал-жабдықтар: бор, таяқша.
Ойынның мақсаты: айналаны тез бағдарлап өзіне керекті қимыл-қозғалыс жасауды, уақытты нақты анықтауға үйрету.
Ойынға дайындық: ойыншылар өз қалауларымен бес-бестен бөлінеді. Әр бестік өздеріне ойын алаңы ішінен төрт бұрышты сызып белгілеп алады. Әрбір топтағы бес ойыншылар жетекшінің белгісі бойынша төрт бұрыштарға тұра қалуға тырысады. Бұрышсыз қалған ойыншы, ойын жүргізуші болып ортада тұрады.
Ойын мазмұны: бұрыштағылар өзара келісіп, орындарын ауыстырып отырады. Бұрышта тұрғандардың ауысуы кезінде ойын жүргізуші бос қалған бұрышқа тұра қалуға тырысады. Егер ол бұрышты алып қойса, бұрышсыз қалған ойыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Ойын ережесі: 1) ойын жүргізуші бір баланың қасында 3-5 секундтан артық тұрмайды; 2) жүгіріп бара жатқан баланы қолмен ұстауға болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар: бұл ойынды серуен кезінде, табиғат аясында, ағаштың арасында өткізсе қызықты болады. Ойынды басынан аяғына дейін ойыншылар өздері басқарып жүргізулері керек.
Ойынның педагогикалық маңызы: балалар өздерінің шамасын, берілген белгіге қалай тез әрекеттене алатынын анықтап, батыл қимыл-қозғалыс жасауға үйренеді. Берген сөзінен қайтпай, тұрақтылыққа, бірін-бірі сыйлауға дағдыланады.
196. Жалауша
Ойнаушылар санына шек қойылмайды. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы, ашық дала. Керекті құрал-жабдықтар: жалауша, бор, таяқша.
Ойынның мақсаты: жарысып тез жүгіруге, қарсыластан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру.
Ойынға дайындық: ойыншылар екі топқа бөлінеді.
Олар ойын алаңының екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп тұрады. Ойыншылардың дәл ортасынан диаметрі 1м болатын шеңбер сызылады. Шеңбердің ортасына жалауша тігіледі. Жалаушаның қасында ойын жүргізуші тұрады.
Ойын мазмұны: Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін әр топтағы бірінші тұрған ойыншылар тез жүгіріп келіп, жалаушаны алдымен алуға тырысады. Егер ала алса, ол ойыншының тобына бір ұпай қосады. Ал шеңберге екі бала да қатар келсе, олар өте сақ болуы керек, өйткені қай ойыншыға қарсыласының қолы бұрын тисе, оның жалаушаны алуға қақысы жоқ. Ойын осылай бірнеше рет жүргізіліп, жеңіске жеткен топ анықталады.
Ойын ережесі:1) ойыншылар тұрған қатарларынан 1 метрге шығуын мұқият қадағалау керек; 2) шеңбердің сызығын басуға болмайды; 3) шеңбердің ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді.
Әдістемелік нұсқаулар: ойын қызықты өту үшін топтарды бір түзудің бойына тұрғызу керек. Ойын жүргізуші етіп сабаққа қатыса алмайтын оқушыларды арнаулы төрешілер етіп тағайындауға болады.
Ойынның педагогикалық маңызы: ұлдар мен қыздар өздерінің қимыл қозғалыс ширақтарын анықтай алады. Өзара жарысуға мүмкіншілік туады. Араларындағы жүйрік, епті, айлакер баланы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет