Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет153/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

192. Көкпар тарту (спорттық түрі)
Ұлттық ат спортындағы танымал ойындардың бірі – көкпар. Көкпар атауының шығуы ел арасында әртүрлі баяндалады, мысалы: «көпбар», «көк бөрі» т.б. Көкпар ойыны қазақ халқының сүйікті және көп тараған ойындарының бірі болып саналады. Көкпар ойыны кең жазық далада өткізіледі.
Көкпар ойыны ат пен адамды бірдей сынайтын ойын түрі, сол себепті ат пен адам арнайы дайындықтан өтеді. Көкпардың аты күшті, әрі жүйрік кісінің ойын тақым қағысынан түсінетін сыралғы болуы керек. Көкпарға жігіттердің күшті білектілері, атқа мықтылары іріктіледі.
Бабаларымыз мал-жанға қандай жер ыңғайлы болса, сол жерге көшіп-қонып жүргені белгілі. Қасқырды жыртқыш аңдарының бірі болғандықтан оны «көк бөрі», «аты жоқ» т.б. деп атайды. Қасқырды «көк бөріні» соғып, атып алып келген адамды ауыл арасында құрметтеп отырған.
Көкпар ойындары мақсаттарына ел арасында қарай қума көкпар, өлмес көкпар, бата көкпар, бала көкпар, мара көкпар, салым көкпар т.б. болып аталып жалғаса береді. Мысалы «өлмес көкпар» көкпар аяқталып біткеннен кейін келесі жолы көкпарды тоқтатпас үшін келесі кезекті кімдер жалғастыратындықтары анықталып беріледі. «Бата көкпар», ол көкпар жас бала нәресте дүниеге келген кезде шілдеханада, жас баланың жасы ұзақ болсын деп батамен берілетін көкпар. Кейбірде жас жігіт келіншегі босанбай жүргенде, ырым ретінде, көкпар тартып жүрген адамдардың баласындай бала дүниеге келсін деп ырымдап, үлкен адамдардың батасын алып көкпар беріледі. «Бала көкпар» ол мектепке баратын балаға арналып, жақсы оқысын, үлкен азамат болсын деген ниетпен беріледі. Бала көкпар көбінесе сәрсенбі сәтті күн деп өткізіледі. Онда тай, құнан, дөнен аттарымен балалар да шабады, әрі аттарын үйретеді. Жарыста балалардың денелері шынығады, икемділікке, мықтылыққа, жүректілікке, шапшаңдыққа үйренеді, ат үстінде мықты отыруға бейімделеді.
Көкпар ойыны күш-қайрат, шыдамдылық, шапшаңдық, икемділік, батылдық, жобалау, дұрыс болжам жасай білу сияқты адамдарға қажетті қасиеттерге баулиды.
Көкпар ойынының қазіргі кезде негізгі екі түрі қолданыста:
а) жалпы тартыс;
ә) дода тартыс.
Көкпардың жалпы тартыс ойынында шабандоз саны өте көп болады және әр шабандоз өзі үшін тартысады.
«Дода тартысын» «Мара, Мәре тартысы» деп те атайды. «Мәре тартыс» – бұл тек саны 5, 7, 9, 10 шабандоздар арасында өтетін тартыс. Ойын уақыты 15 минуттан 2 кезең (20-30 минут).
Қазақтың көкпар ойыны тойларда, ас, мерекелерде өтеді.
Жарыс көкпар ойыны үшін жабдықталған арнайы алаңда өткізіледі.
1) Ойын алаңы екі командаға тең бөлінеді. Ойын алаңының өлшемдері. Ұзындығы 200 метр, ені 80 метр. «Мәре салым» (қазандық) арасындағы ұзындық – 120 метр, орталықтан бастап «мәре салымға» дейін – 60 метр, «мәре салымнан» (қазандықтан) бастап сыртқа дейін бел-ағаш бойынша 40 метр, «Айып алаңы» мәре салымнан (қазандықтан бастап – 20 метр, ортақ және алаңның айып шеңбердің мөлшерінің радиусы – 8 метр. Ойын басталғанда серке жататын радиусы – 1,5 метр, кіші шеңберге дейін ернеу сызықтан бастап перпендикуляр белағаш бойынша – 15 метр.
2) Жарыста әрбір командада «мәре салым» қазандық сызбасына сәйкес радиусы – 3,1 метр өзінің «мәре салым» қазандығы болады.
Ойынның басты ережелері:
– Команда құрамы 12 ойыншы мен 12 ат кіреді. Ойын процесінде өтініш жасалған аттың бары белгілі болған жағдайда, оның ойыншысы 5 минутқа ойыннан шеттетіледі және матчтың соңына дейін ойынға қатыстырылмайды.
– Ойынға әр командадан 5 ойыншы кіреді, ойын уақытында талап шешімі бойынша командалар ойын барысында, яғни ойынды тоқтатпай ойыншыларды алмастыруға құқылы.
– Ойын ұзақтығы әрқайсысы 20 минуттан тұратын 2 кезеңнен тұрады және жеңіс қарсыластың «мәре салымына» (қазандығына) серкені көбірек тастай алған командаға беріледі. Серкенің салмағы 35 кг-нан аспауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет