Аламан бәйге Аламан бәйге жарысы – тегіс айналасы жазық жолда өтеді. Аламан бәйгеге аттың жасы 3 және одан да жоғары болады. Жарыс 25-31 шақырым немесе келісім бойынша одан да қашық аралықта болуы мүмкін. Көктем кездерінде аттардың денсаулығын сақтау мақсатында аламан бәйге қашықтығы 25 шақырымнан артық болмағаны дұрыс. Ал күз айларында аламан бәйге жарысы қашықтығын ұзартуға болады.
Аламан бәйге ертеректе өте алыс 40-50 шақырым қашықтыққа да өткізілетін болған. Бәйге мен аламан бәйге адам мен аттан үлкен табандылықты, шыдамдылықты, батылдық пен тапқырлықты талап етеді.