188. Бәйге, Аламан бәйге, Ұлы аламан бәйге Ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының дәстүрлі ат жарысы, спорт ойының бір түрі. Бәйге аты – бәйгеге шабатын жаратқан жүйрік ат.
Бәйге бала – бәйге атына мініп шабатын бала.
Қазақ халқының ұлттық ат спорты ойындарының бірден-бір көп тарағаны бәйге мен аламан бәйге жарысы. Бұл ат жарысының өзгешелігі аттар белгіленген сөре мен көмбе аралығындағы жерді бар жылдамдықтарымен шауып келулері қажет. Жарыс жазық жерлер мен ипподромдармен қатар аттың шабысына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы жерлерде де өткізіледі.