245. «Шұңқырдан теңге алу» Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді, әрқайсысы жеке-жеке шыбық «атқа» мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Екі топтан екі сайыскер шығып сөре сызығына келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша сайыскерлер шыбық аттарымен құйғытып тас салынған шұңқырға қарай шаба жөнеледі. Жүгірген беттерімен шұңқырға жетіп, қолдарымен шұңқырдағы тасты іліп алып, әрі қарай жылдамдықтарын тежемеген күйде өтіп, көмбе сызығына жетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай және өткен уақытына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.