240. «Жылжымалы нысана» Әр ойнаушылар тобы 8-10 адамнан бөлініп екі топ құрайды. Дайындық: Алаңға диаметрі 10-15 метрлік шеңбер сызылады. Бір топ ойнаушылар шеңбер ішінде тұрады, ал екінші топ шеңбер сыртын айнала тұрады және оларға бір доп беріледі. Ойын шарты: Шеңбер сыртында тұрған ойыншылар іштегі ойыншыларды доппен ұрып тигізіп ойыннан шығару. Шеңбер ортасындағы ойыншылар өздеріне допты дарытпау мақсатында доптан қашып секіреді, жүгіреді, айналады, бұрылып жалтарады. Доп тиген ойыншы ойыннан шығады. Осылайша барлық ортадағы ойыншыларды доппен ұрып шығарғанға дейін ойын жалғаса береді.