237. Таяқпен тарту Ойнаушылар күш мөлшерлеріне қарай екі-екіден бөлінеді. Екі ойыншыға бір таяқтан беріледі. Ойын басталар алдында ойыншылар бір-біріне арқаларын беріп таяқты шынтақтарына ілген күйде тұрады. Ойын мақсаты шынтаққа ілген таяқты еңкейе тарту арқылы қарсыласының аяғын жерден көтеріп әкету. Ойынның екінші түрінде ойыншылар бір-біріне арқаларын беріп тұрған қалыпта таяқты ұстаған қолдарын жоғары көтеріп тұрып, қарсыласын арқалап әкету.
Үшінші түрінде, ойнаушылар бір-біріне қарама-қарсы аяқтарын табандарымен тіреп жерге отырады және таяқтан екі қолдарымен ұстайды. Белгі бойынша ойнаушылар өзіне қарай таяқты тарта бастайды. Кім қарсыласын жерден көтеріп алса, сол жеңіске жеткені.