232. Тізерлеп күресу Ойнаушылар жұп-жұпқа бөлініп жерге немесе кілем үстіне бір-біріне қарама-қарсы тізерлеп тұрады. Белгі бойынша олар қолдарымен ғана әрекет ету арқылы, бір-бірін кілемге құлатуға тырысады. Жерге құлаған ойнаушы ұтылысқа ұшырайды. Ойын күш пен ептілікті дамытады.
233 Қамал күзету Ойнаушылар арасынан бір “күзетші” таңдалады және ол ортадағы шеңберге орналасады. Шеңбер ортасында күзетшінің қорғауына арналған зат орналастырылады. Қалған ойыншылар диаметрі 10 м шеңбер сыртында тұрып, қамалды доппен көздеп шеңберде орналастырылған затты “атады”, ал “күзетші” затқа доп тигізбеуге әрекет етіп, оны шабуылдан қорғайды. Шеңбердегі затқа добын тигізген ойыншы жеңімпаз атанады және “күзетшімен” орын ауыстырады.