Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет195/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

242. «Салт аттылар»
Ойын алаңда немесе үлкен бөлмеде өтеді. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, жұптасып тұрады. Ойынға тек қана ұлдар қатысады.
Ереже бойынша, әрбір жұптағының біреуі екіншісінің мойына мініп отырады. Екі “салт аттылар” тобы құрылады. Ойын шарты бойынша жоғарыдағы “салт аттылар” бір-бірін “ат” үстінен құлатулары керек. Жүргізушінің белгісі бойынша ойынды бастайды. Екі құрамадан ортаға екі “салт аттылар” шығады. Қай топтың “салт аттылары” көп құламаса, сол топ жеңген болып саналады. Ойынға екі топтың барлық "салт аттыларын” бірден қосуға да болады. Ойын аяғында жүргізуші жеңімпаздарды атайды және алдын ала дайындалған жүлделерді таратады.
243. Көтермек
Балалар екі топқа бөлініп, шеңбер жасап тұрады. Өз еркімен күшімді сынаймын, сайысамын деген екі бала ортаға шығады. Ойын мақсаты, екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұрып білектерінен ұстап немесе белдерінен қапсыра ұстасып бір-бірін жерден көтеріп алу. Ойын күш қабілетін дамытады.
244. «Қазан»
Алаңға 5, 10, 15 және 20 метр сайын түзу сызық бойымен диаметрі 20 см келетін шұңқырлар қазылады. Әр ойыншыға 4 тас немесе доп беріледі. Ойнаушылар тұрған сызығынан кезекпен тастарды немесе кішкене доптарды шұңқырларға жермен домалатып түсірулері қажет. Әр шұңқырға бір доптан түсуі қажет, түскен шұңқырдың ретіне қарай ұпай беріледі. Бір шұңқырға екі доп түсіп кетсе, сол шұңқырдағы ұпайлар "жанып" кетеді. Кім көп ұпай жинайды, сол жеңімпаз атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет