95 Шілдек, (шүлдік) Бұл – тақыр алаңда ойнайтын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген ұзындығы бір қарыс шілдек ағашы дайындалады.
Ойын алаңына үлкен шеңбер сызылып, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шүлдік шұңқырдың ішінде емес, үстінде, шетінде жатуы керек. Әр ойыншыда ұзындығы бір метрдей келетін ағаш таяғы болуы керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлініп ойнайды.
Ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы шүлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойыншы шүлдікті түскен жерінен алып қайтадан, соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе, я болмаса шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады, ал ең бірінші шүлдікті жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде де тигізе алмаса, онда бірінші ойыншы шүлдікті шекіп соғады, әр соққанда үш реттен соғады. Сөйтіп қай жерге апарып түсірсе, сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санап келіп, екінші ойыншыға ұпай салады. Бірінші ойыншы әлгі себептерден ойнай алмай ойыннан шығып қалса, онда екінші соғушы болады, ол шығып қалса, үшінші ойыншы соғушы болады.
Ойын осылайша бәрі ойнап өткенше жалғаса береді.