Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет91/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

97. Тең көтеру
Ойын мазмұны. Әлді деген бір ойыншы ортаға шығып етпетінен жатады. «Тең» болатын екі ойыншы жатқан ойыншының екі бүйірінен келіп, қарама-қарсы отырады. Екеуі аяқтарын жатқан ойыншының арқасына асыра салады. Сосын бірінің аяғын бірі мықтап ұстап алып:
Тең-теңімен,
Тезек қабымен,
Ең алдымен сен көтер,
Екеумізді тең көтер – дейді.
Жатқан ойыншы бар күшін салып үстіндегі ойыншыларды көтеріп алып, төрттағандап жүре береді. Ойыншылар алмасып отырады. «Тең» көтеруші үстіндегілерді жығып кету мақсатын қоймайды. Бұл ойын күш қабілетті сынауға, ептілікке, сенімділікке, батылдыққа тәрбиелейді.
98. Дәл басу
Бұл ойынға жиналған балалардың барлығы қатыса береді. Ойын жүргізуші тағайындалады, ол қолдарына түскен бірнеше заттарды, мысалы, орындық, тас, ескі ыдыс-аяқ т.б. қатарластырып қояды. Ойыншылардың көздерін байлап 15-20 қадамдай жерге тұрғызады. Көздері байланған балалар бәрі бір мезгілде тігулі тұрған заттарды дәл төбелерінен басулары үшін аяқтарын жоғары көтеріп адымдап жылжулары керек. Ойын басталар алдында көздері байланған ойыншыларды орындарында тұрғанда бірнеше рет орындарында айналдырып алады. Дәл баса алмаған ойыншылар айып тартады. Мысалы кім дәл басса, соны балалар арқалап жүреді т.б.
Ойын көгалда, жазық алаңда, таза ауада өткізіледі.
99. «Етек-етек»
Мұнда бір бала «жалмауыз кемпір» болады. Қалған ойыншылар «түйе және оның ботақандары» болады. Ең алдында «түйе» тұрады, онан соң бір-бірінің артында етектерінен ұстап «ботақандар» тізбектеліп тұрады.
«Жалмауыз кемпір» мен «түйе» бетпе-бет тұрады. Ойын мақсаты «жалмауыз кемпір» «түйені» әрі-бері алдап тұрып, ең артқы ботақанды ұстап алуы керек. «Түйе» мен басқа ботақандар әртүрлі қозғалыстар жасап, «жалмауыз кемпірге» мүмкіндік бермеуге тиіс. Барлық ботақанды «жалмауыз кемпір» ұстап біткенше ойын созыла береді.
100 «Қарагие»
«Қарагие» ойынына қатынасушылар ескі бас киімдерін пайдаланады. Ойыншылар тұрған жерден қашықтығы 20-30 адымдай жерге арасы мен биіктігін 1 метрдей етіп сызықтың бойына бас киімдер қанша болса, сонша қазық қағып бас киімдерді іледі. Ойын шарты бойынша әр ойыншы қолындағы найза-сырығын лақтырып ілулі тұрған бас киімдерге тигізулері керек. Қай ойыншы найзасын бас киімге көп тигізсе, сол ұтады.
Ойын қатынасқан адамды шыдамды, мерген, күшті болуға баулиды. Лақтыратын сырық түзу қолға найза сияқты ұстауға қолайлы ағаштан жасалады. Сырық неғұрлым ұзын да салмақты болса, лақтырғанда соншалықты алысқа ұшады да, жерге ұшымен қадалады.
Әр ойыншы өзіне арнап сырығын дайындап алады да, нысанаға ұшымен қадалатын болғандықтан, мұқалмас үшін жуан ұшын ұштап, отқа қыздырып кептіреді. Ойынға бас киімнің орнына басқа заттарды да іліп қолдануға болды.
101. Санамақ
Ойыншы санына шек қойылмайды. Ойынның шарты, ойын бастаушы өзі қалаған бір адамды ортаға шығарады. Ортаға шыққан адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аяғымен әрбір атты айтқан сайын аттап жүріп тізіп айтып шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады, немесе ойыншылар қалауын орындайды. Мысалы, жаңылмай «А» әрпінен басталатын 10 адамның атын атауы керек: «Ағыбай, Ақылбай, Ақбай, Алпысбай, Адырбай, Атабай, Айтбай, Арғымбай, Ауғанбай, Азынабай». Ойынды бастаушы өз қалауы бойынша әріпті өзгертіп, басқа ойыншыны шақырады, ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет