154. Атты әскерлер ұрысы Атты әскерлер ұрысы – қылыштасуға арналған бетперде (маскаларымен) қорғанған салт аттылар қатысатын ойын. Атта отырған әр ойыншы ұзындықтары бірдей, ағаштан жасалған қылышпен қаруланады. Ойыншылардың бетпердесінен жоғарғы 30-50 см биіктікте 2 жіңішке шыбыққа екі бір түсті (командалар түсіне байланысты) шарлар байланады. Ойын мақсаты ілінген екі шарды қылышпен жарып жіберу болып табылады. Екі шары жарылған ойыннан шығады, аттан түседі. Аттар белгіленген алаңнан шықпайды. Ойын уақыты аяқталғанда қай топта атқа мінгендер аз қалса, солар жеңілген болып саналады. Ойын іскерлік пен тапқырлықты, қаруды қолдануды, атты басқару шеберлігін жетілдіреді.