Қазіргі кездегі қазақ күресінен балуандарды жасына, салмақ дәрежелеріне бөлу, белдесу уақыты кестесі (Ер адамдар)
№
|
Жас аралығы
|
Салмақ дәрежесі
|
Белдесу уақыты
|
1
|
Жасөспірімдер (14-15 жас)
|
38 келіге дейін;
|
3 минут
|
42 келіге дейін;
|
46 келіге дейін;
|
50 келіге дейін;
|
55 келіге дейін;
|
60 келіге дейін;
|
66 келіге дейін;
|
73 келіге дейін;
|
73 келіден жоғары
|
2
|
Ересек жасөспірімдер (16 - 17 жас)
|
46 келіге дейін;
|
4 минут
|
51 келіге дейін;
|
57 келіге дейін;
|
64 келіге дейін;
|
72 келіге дейін;
|
81 келіге дейін;
|
81келіден жоғары
|
3
|
80 келіден жоғары
|
5 минут
|
5 минут
|
60 келіге дейін
|
70 келіге дейін;
|
80 келіге дейін;
|
90 келіге дейін;
|
90 келіден жоғары
|
4
|
«Түйе балуандар белдесулері»
|
90 келіден жоғары
|
5 минут
|
Қазақ жерінде балуандық өнер мен жекпе-жектің көптеген түрлері жақсы дамыған. Көшпелі қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күресу айла-тәсілдерін білу, ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.
Балуандық өнер адам өміріне қажетті батылдық, алғырлық, күштілік, ептілік қасиеттерді дамытып, денесін ширатып, бұлшық еттерге күш береді, тез ойлап, әдіс қолдануға үйретеді.
ХХ ғасырдың басына дейін балуандар күресі «Күш атасын танымас» деген қағидаға сүйеніп, балуандарды жас ерекшеліктеріне және салмақ дәрежелеріне бөлмей күрестірді. Белдесу барысында «ер кезегі үшке дейін», «ит жығыс», «жол беру» сияқты тәртіптер болды. Қазақтың дәстүрлі балуан күресінде белдесуді бағалау «жеңді», «жеңілді» немесе «тең түсті (итжығыс)» деген сөздермен айқындалған.
Дәстүрлі қазақ күресінде балуандар тек түрегеліп тұрған жағдайда күреседі. Аяқтан қолмен ұстауға болмайды. Балуандар күреске арналған арнайы киіммен күреседі.
Балалар кілем үстінде, арнаулы жазық жерде, қыста қар үстінде белдесіп күресе береді. Күресу барысында адамға зақым келтіретін әрекеттер қолдануға, дөрекілік жасауға болмайды.
Қазіргі ережеде балуандар 7 салмаққа бөлінді: 54, 60, 66, 74, 82, 90, 90 кг-нан жоғары «Түйе балуан».
187. Жорға жарыс
Халқымызда ерекше саналатын аттардың бірі – жорға аттары.
Жорға жарысы кезінде атқа қойылатын талаптар:
– Жорға жарысына түсер аттардың өзіндік ерекшелігі болғандықтан, олар жеке іріктелініп алынады;
– Жорға жүргенде жылқының алдыңғы және артқы оң жақ (алдыңғы және артқы сол жақ) аяқтары алға қарай бірдей қойылатындығы олардың жүріс ерекшелігі болып табылады.
Жорға жарысын өткізуге арналған қашықтықтар әйелдер үшін 1-2-3 шақырым, ерлер үшін 2-4-6 шақырым. Жорға жарыстары Ұлттық ат спорты қауымдастығы белгілеген ереже бойынша өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |