185 Аламан бәйге Дала жағдайында әртүрлі табиғи кедергілері бар ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа шабатын ат жарысын «Аламан бәйге» деп атайды.
Аламан бәйгеде жарыс аттары 25-тен 100 шақырымдық қашыққа дейін бәйгеге жіберілуі ықтимал. Аламан бәйге аста, тойлар мен мерекелерде өткізіледі.
186. Қазақ күресі Балуан күрестiру − қазақтың дене тәрбиесiндегi ең көп тараған және маңызды түрі болып саналады. Балуандыққа кiшкене күнiнен машықтанғандардың денесi шымыр, бұлшық еттерi жақсы дамиды.
Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған.
ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандар «Күш атасын танымас» деген қағидаға сүйеніп, жас ерекшеліктеріне және салмақ дәрежелеріне қарай бөлінбей күресті, белдесу кезінде «ер кезегі үшке дейін», «ит жығыс», «жол беру» сияқты тәртіптер қолданылған.
Салмақ дәрежесiне, жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу XX ғасырдың 27-жылдарынан кейін енгізіле бастады.
Қазақ күресін бүгiнде әлемнiң көптеген елдерi танып-бiлдi. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері өткізіле бастады.
Халық арасында қазақ күресінен Балуан Шолақ, Қажымұқан, Молдабай, Битабар т.б. халық мойындап, «Балуан» атандырған есімдер көптеп саналады.