Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спорт түрлеріндегі кәсіптік сөздер, ұғымдар



бет17/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спорт түрлеріндегі кәсіптік сөздер, ұғымдар

Ұлттық ойындар мен спортта қолданылатын кәсіптік атау сөздер мен ұғымдар жеке бір сала ретінде танылуы, қалыптасуы халқымыздың тіл байлығының сақталуына, жетілуіне, білім мен ғылымның дамуына үлкен үлесін қосады. Ұлттық ойындар мен спорттың кәсіби анықтамалық сөздігі қазіргі уақытта жинақталу, жетілу, қалыптасу жағдайында. Ұлттық ойындардың қалыптасуы тарихы ұзақ уақыттарды қамтитын кезеңнен өтіп, ойындардың атауларына, мазмұндарына айтарлықтай өзгерістер енді, кейбір ойындар спорт түрлеріне ауысып ережелері қалыптасты, жүйелі түрде жарыстар өткізіле бастады.
Қазақ халқының кейбір ойындары халықаралық дәрежедегі спорт қатарына өтті, мамандар даярлаудың аясы кеңейді, спорттық жаттықтырушылар арасында ортақ кәсіптік терминдік сөздерді қолдану талаптары артты. Отандық және халықаралық сөздіктер қалыптаса бастады. Осы өзгерістердің барлығы ұлттық ойындардың арасында кәсіптік атау сөздер мен ұғымдардың қалыптасуына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет