Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет25/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

2. «Жаяу көкпар»
«Көкпар» деген сөз «көк қасқыр», «көк бөрі» деген сөздерден шыққан деп саналады. Бұрынғы уақыттарда мылтық қаруы болмаған кезде қасқырды соғып алғаннан соң аңшылар ауылға қайтып келе жатқанда, кім бірінші ауылға өлтірілген аңды әкелетін жарыс ойынын жасаған. Бұл жарыс кейін ұлттық ойын “көкпар” деп аталып, көптеген елдерде кең тараған ойын түріне айналды.
Ойын орыны үлкен алаң. Қатысушылар саны 10-нан 30-ға дейін жетеді. Ұлдар және қыздар бөлек ойнайды. Ойын үшін “көкпар” (нығыздалған доп немесе іші жұмсақ заттармен толтырылған екі жағы байланған үлкендеу дорба) алынады.
Ойын алаңның екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы сөре сызығы сызылады. Әр сызылған сөре сызығы ортадан санағанда мөлшермен бір-бірінен 50 м (келісім бойынша одан да ұзақ болуы ықтимал) қашықтықта орналасады. Алаңның дәл ортасына диаметрі 10 метр болатын шеңбер сызылып ортасына көкпар заты қойылады.
Ойнаушылар екі топқа бөлініп, өздеріне көрсетілген сөре сызығы бойымен қатарласып тұрады.
Басқарушының белгісі бойынша ойыншылардың бәрі алға ортадағы “көкпарға” қарай жүгіреді. “Көкпарға” ие болған ойыншы қарсылас топ орналасқан сөре сызығына қарай жүгіріп өз тобы ойыншыларының көмегіне сүйене отырып “көкпарды” қарсыластар сөресіне жеткізу. “Көкпарды” ұстаған ойыншыны қарсы топ ойыншылары қуып жетіп “көкпарды” тартып алып қоюға әрекеттенеді. Қай құраманың ойнаушысы “көкпарды” қарсыластар сызығынан бірінші өткізсе, сол топ жеңімпаз атанады. Ойыншы алған “көкпар” затын өзінің тобындағы ойыншыларға беруіне болады, зат қолдан-қолға ғана беріледі, затты бір-біріне лақтырып беруге болмайды. Кімде-кім заты бар ойыншыны қуып жетіп затты тартып алса ойын жалғаса береді, мақсаты затты алып белгілі мәреге бұрын жеткізу. Кім затты мәреге жеткізеді сол жеңіске жетеді, зат сыйлық сол топқа немесе жеке ойыншыға беріледі.
“Көкпар” ойыны адамның күшін, жылдамдығын, шыдамдылығын, ептілігін, батылдығын дамытады. Ойынға төрешілік жасау үшін 2 адам керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет