Ойыншылар саны: 10-30 адам
Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы
Керекті құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындықтар.
Ойынға дайындық: залдың ортасына гимнастикалық орындықтар қатарластырып қойылады. Ойыншылар арасынан 2-3 «түлкі», бір аңшы сайланады. Қалған ойыншылар «тауықтар» болады. Алаңның бір бұрышына «түлкінің» үйі, екінші бұрышына аңшының үйі сызылады.
Ойын мазмұны: белгі берілгенде «тауықтар» орындық үстінен түсіп жайыла бастайды. Екінші белгі берілгенде «түлкі» қалаған «тауығын» ұстап алып, үйіне алып кетеді. Егер жолда оған аңшы кездессе «түлкі» «тауықты» жібере салып өз үйіне қашуы керек. Босанған «тауық» қайта «тауықтарға» қосылады. «Тауықтар» екінші белгі берілгенде жүгіріп орындық үстіне шығып үлгерулері керек. Егер аңшы «түлкіні» ұстап алса жаңа «түлкі» сайланады. Ойын біраз ойналғаннан кейін мүлде ұсталмаған ойыншы анықталады.
Ойын ережесі: түлкі тек бір тауықты ғана ұстауына рұқсат етіледі.
4. Қашарман Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Ол үшін алдымен екі топтан «хан» сайланып, олардан «дау» беруші анықталады. Сосын ұзындығы бес қадам «дәуір» сызығы сызылады. Ал одан кейін оны қоршай «дәріп» шеңберінің іші қорғаулы болады. Онда тұрған ойыншыны қарсы топ доппен ұра алмайды. Ал шеңберден шығып кеткен ойыншыны қарсы жақ доппен ұруға қақысы бар. Егер «дәріп» шеңберінен шығып кеткен ойыншыға «дау» беруші допты тигізе алса, онда ол «үш дауға» ие болып, ауысу орын алады. Бұл ретте, «дау» беруші тарап бір ойыншыны «дау беруге», яғни допты ойынға қосуға қалдырады да, қалғандары «дәріп» шеңберін жағалай әуеден келетін допты аңдып тұрады. Ал ойыншының бірі әуеден келген допты жерге түсірмей қағып алса, онда ол «үш дауға» ие болады. Басқаша жағдайда, егер «дәріпке» қарай немесе одан кейін жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсылас жақ допты тигізе алса, онда ойын қайтадан басталады. Бұл ойын «бейсболға» да ұсас келеді. Ойын жастардың дені сау, шымыр болып өсуіне септігін тигізеді.