Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет29/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

7. Аңшылар мен үйректер
Ойын алаңына радиусы – 10-15 м болатын шеңбер сызылады. Ойыншылар санына қарай 3-5 ойыншыға қолдарына доп беріп шеңбер сыртына тұрғызады, бұлар – «аңшылар» болып саналады. Қалған ойыншылар «үйрек» болып шеңбер ішіне тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша «үйректер» шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, жүргізушінің «тоқта!» деген бұйрығы берілісімен «үйректер» бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Денелеріне доп тиген «үйректер» «аңшыны» алмастырады немесе ойыннан шығып тұрады. Ойын барлық «үйректерге» доп тигенше жалғасады. Ойынды «аңшыларды» ауыстырып қайта бастайды.
Бұл ойын үшін үй алдындағы әркез алаң немесе жай ғана үлкен бөлме де жарайды. Әдетте балалар мен жасөспірімдер ойнайды. Жүргізуші доптармен бірге үш ұл баланы әрбір жерге қояды – бұлар “аңшылар”. Қалғандары – “үйректер” – жүргізушінің белгісі бойынша шеңберге жүгіреді және бұйрықтан кейін орындарына тұрып қалады. Осы уақытта “аңшылар” өз доптарымен “үйректер” бойынша атады. Жерге жабысып тұрған “үйректер” оқтардан қашуға, жылжуға құқысы жоқ, олар тек денесімен, не басымен жан-жаққа бұрылып ауытқиды. “Өлген үйректер” енді “аңшылар” болады, ал тигізе алмаған “аңшылар” қайтадан атады.
Сонымен қатар “аңшылар” бір минуттің ішінде қанша “үйректі” атқанын анықтайды. Кейін, аман қалған “үйректер” енді “аңшылар” рөлін атқарады. Ойын осылай ойнаушылар қажымағанға дейін жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет