218 « Әтеш тартыс» Ойын көгалды жерде, спорт залда (жұмсақ төсеніш, кілемде) өткізіледі. Ойнаушылар тең екі топқа бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір жұптардың біріншілері “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына немесе иықтарына отырады. Белгі бойынша әр топ бір-біріне жақындайды және “жоғарғылар” бір-бірін құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуінің денесінің бір жері жерге тисе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады.
Ең көп жерге құлатқан топ жеңімпаз аталады. Ойнаушылар рөлдерімен ауыса алады.
219. Қандық-сандық Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді, өз араларынан капитандар сайлайды. Ойын ережесін сақтаушы тағайындалады. Алаң ортасына әрбір құрамадан бір-бір ойнаушыдан бірінші жұп шақырылады. Ойыншылар бір-біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқастыра ұстасады. Жүргізушінің бұйрығы бойынша әрқайсысы өзінің қарсыласының аяқтарын жерден (еденнен) көтеріп алуға тырысады. Бұны жасауға оңай емес, өйткені ойын басталар алдында шынтақтарын айқастырып алған ойыншылар жартылай отыру қалпында болады. Қарсыласын көтеріп алғаны жеңіске жетеді. Көп жеңіске жеткен топ жеңімпаз атанады.