231. «Тымақ ұру» Ойынға бас киім тымақтың суреті немесе тымақтың өзін қолдануға болады. Балалар ойыны үшін қағаздан жасалынған бас киім де жарайды. Ойынға қамшы, белбеу, орамал және биіктігі 1 метр келетін таяқшалар керек. Таяқшаларды сөреден 20 қадам қашықтыққа жерге қадайды, бас киімдерді таяқшаға кигізеді. Тігілген тымақтардың санына байланысты ойыншылар шығарылады. Ойнаушы көзін байламай тұрғанда тымақтардың қаншама жерге тігілгендерін болжап алады.
Ойыншының мақсаты көзі байланған жағдайда қолындағы қамшымен неғұрлым көп бас киімді ұрып түсіруі керек. Тымақтарды әр ойыншы жеке-жеке барып ұрып түсіруіне немесе тымақ санына байланысты барлық ойнаушылар бірден барып өз алдындағы тымақты ұрып түсіруіне, тапсырма беріледі. Бұл ойын баланың кеңістікті дұрыс болжауды үйренуіне, дәлдікке баулиды.