230. «Жамбы ату» балалар ойыны Балаларды мергендік, ептілік, жылдамдық қабілеттерге тәрбиелейтін ойын түрі – жамбы ату. Биіктігі 2-3 метрдей, аралары 3-5 метр қашықтықта 5-10 жерге жарамсыз ескі шәугім, шелектер, қаңылтырлар т.б. заттар ілінеді. Ойнаушылар санына қарай 4-5 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне ат қойып алуларына болады. Әр ойыншы ілінген заттар санына байланысты өзіне лақтыруына қолайлы тас, доң таңдап алады. Ойын шарты бойынша ойыншы жүгірген бойында ілінген заттарды қолындағы тастармен дәлдеп атып тигізуі қажет. Қай ойыншы аз уақыт арасында көп затқа тигізеді сол жеңімпаз атанады. Ойыншы мен ілінген заттың арасындағы қашықтық өзара келісім бойынша белгіленеді, ойыншы жүгіретін жолақ сызық сызылады. Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады.