Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет200/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

252. Әтеш төбелес
Әтеш төбелес – ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып күресу. Ойын жиналғандарды күлдіріп, көңілдендіреді. Бұл күресте ойыншылардың бір аяғын тізесінен бүгіп белбеумен байлап тастайды. Ойнаушылардың екеуі де тек бір аяқпен секеңдеп жүріп бір-бірін иықтарымен соғып құлатулары қажет. Қайсысы сүрініп жерге жығылса, сол ұтылады.
253. Сымсыз телефон
Қыз-жігіттер қатарласып отырады. Ойын не оңнан солға, не солдан оңға бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші отырған адамға құлағына сыбырлап бір сөз немесе сөйлем айтады, естіген адам өз кезегінде естіген сөзін келесі ойыншыға өзгертпей жеткізуге тырысады, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал ойын басқарушы соңғы адамнан бастап әлгі өзі айтқан сөзін сұрайды. Бастапқы айтқан сөз көп жағдайда өзгеріп жетуі мүмкін, соны қате естіп өзгерткен адам айыбын өтейді. Айып, әр түрлі ән салу, өлең оқу т. б. болуы ықтимал.
254. Тасымақ
Бұл ойында 2-3 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке 5-6 метр жерге қойылған бос ыдысқа (стақанға) қасықтап 2-3 адам тасиды.
Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек, қай команда ойыншысы суды төкпей, көп тасып жеткізсе жеңіске жетеді, жүлдеге ие болады.
255. Ептілік
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Он-он бес метрдей жерге меже белгіленеді. Әр топтан қолдарында бір кездей түзу таяғы бар екі-екіден ойыншы ортаға шығады да, қатарласа тұрып, таяқты алға созады. Бастаушы қос таяқтың үш жағына оның үстіне бір затты немесе қуыршақты тіктеп орналастырады. Сонан соң ойынды бастауға белгі береді. Әр топтың ойынды жүргізуге қатысқан ойыншылары таяқтарын тең ұстап, оның үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Әр кезектің озып келген ойыншысы өз тобына ұпай әпереді.
Осы әдіспен ойынды жеке-жеке жалғастыруға да болады. Жеке ойыншы екі қолына екі таяқты ұстайды. Таяқтың ұшына зат қойылып немесе кішкене қуыршақ орнатылады. Сөйтіп, әлгі межеге дейін барып, қайта оралады. Қай топ заттарды түсірмей, көп ұпай жинаса сол жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет