Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет222/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

294. Су жалатпақ
Ойын ептілікті қажет етеді. Ойыншылар судың өзен көлдің жағасында тұрып, қолдарына өздері таңдап алған дөңгелек және жалпақ келген тастарды су бетіне жалата лақтыру арқылы кімнің тасы су бетінде жалатуды көп орындағандығын санау арқылы жарысады. Бұл ойынға жақсы ептілік қажет.
295. Зырылдауық
Зырылдауықты дайындау үшін екіқабатталған, ұзындығы 20-40 см болатындай жіп алынады да жіпке тұйықтамай тұрғанда ортасында 2 тесігі бар үлкендеу түйме немесе соған ұқсас жалпақ келген зат алынып, жіп тесіктерден өткізілгеннен соң тұйықталады. Жіптің арасына екі қолдың алақанын өткізіп, түймені алға немесе артқа қолдың көмегімен жіп шиыршықталатындай қозғалысқа ендіреді. Түйме айналысқа түскен сәттен бастап екі алақанды жайлап екі жаққа қарай тарту және босату арқылы жіптің кері немесе алға қарай шиыршықталуын қамтамасыз етеді, осы кезде жіпке ілінген түйме зырылдауықша алға немесе кері қарай жылдам айланысқа түседі. Түйменің неғұрлым жылдам және ұзақ айналуын қамтамасыз ету ойын шарты болып саналады. Бұл ойынды көбіне уақытты өткізу ермегі ретінде немесе адамның сабырлылығын сақтау үшін пайдаланады.
296. Өгіз жығу
Күшін және ептілікті көрсету мақсатында малды ұстау, оны жерге жығу сияқты өнерлерін көрсету мал баққан адамдардың арасында кеңінен тараған. Соның ішінде өгізді мүйізінен ұстап мойнын бұрап жерге жығу, бір жағынан кәсіптік мақсатта қолданылса, екінші жағынан ермек ойыны ретінде де қолданылған. Жығу барысында өгіздің аяғын байлауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет