Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет226/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

302. Қарыс жарыстыру
Қарыс жарыстыру балалар арасында жиі ойналатын ойын. Бұл ойынды саусақ жылдамдығын арттыру үшін немесе бір нәрсеге алдыңғы кезек алу үшін де қолданады. Қарыс жарыстыруды екі адам арасында жазық жерге немесе үй қабырғасына белгіленген қашықтықты кім бірінші қарыстап жылдам өтуге арнап өткізеді. Қол саусақтарының дұрыс қарысталғандығын анықтайтын адам тағайындалады.
303. Өрден домалау
Өрден домалау жаз, қыс айларында балалар арасында кеңінен тараған ойын түрі. Бірнеше бала биіктеу қыраттың үстіне шығып, төменгі етегіне дейін кім жылдам домалап барады деп жарысады. Домалау қыратқа көлденең жатып дененің қырымен айналып домалау арқылы орындалады. Домалау барысында қолды қусырып алуға болады және екі аяқты бір-біріне қыса ұстап домалау тиімді болып келеді. Ойынды екі-екіден немесе барлығы қырат төбесінен бірдей бастайды, кім қырат етегіне бірінші домалап түседі сол жеңген болып табылады. Ойын тепе-теңдікті сақтау, жылдам домалау, шыдамдылықты арттыру сияқты қажетті дене қаблеттерін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет