Сөре – жарыстың басталатын жерін көрсететін орын.
Мәре – жарыстың аяқталатын жерін белгілейтін орын.
Көмбе – ат жарыстарының басталатын және аяқталатын жерін көрсететін белгі орын.
Көн – ойынның басталар жері немесе ойын заттарын қоятын жер, мысалы асықтарды тігетін орын т.б.
Жамбы ату, (Айқабақ) – атпен шауып келе жатып садақпен ілінген нысананы көздеп ату.
Күміс ілу, теңге ілу, салма алу – атпен шауып келіп жерде жатқан теңге, затты ат үстінен іліп әкету.
Сайыс – адамдардың өзара, күш, өнер салыстырып сайысқа түсуі, ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу түрлері.
Аламан бәйге – алыс және өте алыс қашықтыққа жарысатын атшабыс;