Дәстүрлі спорт – этникалық топтардың салт-дәстүрлері негізінде дамыған ойындар мен спорт түрлері.
Дене тәрбиесі – адам үшін денесін шынықтыру, денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт түрлерімен айналысу мақсатында қолданылатын педагогикалық жұмыстар түрлері.
Дене шынықтыру– арнайы дене жаттығулары арқылы адамдардың қимыл-қозғалыс, дене-күш қаблеттерін арттыру, жетілдіру денесін шынықтыру.
Дене мәдениеті – бұл қоғам мен адам мәдениетінің бір түрі болып саналады, оның мақсаты денсаулықты сақтау, дене қабілеттерін арттыру арқылы адамдарды еңбекке және отан қорғауға дайындау. Дене мәдениеті адамның рухани өсуіне ықпал етуімен қатар, жалпыадамзаттық мәдениеттің дамуына үлес қосады.