Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет238/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Байлау және жіптер түрлері:
Тұзақтап байлау
Күрмеп байлау
Шалып байлау
Бас жіп
Аяқ жіп
Жуан жіп
Жіңішке жіп
Қатты жіп
Жұмсақ жіп
Қысқа жіп
ұзын жіп
Құлаш жіп
Оралған жіп
Ілінген жіп
Байланған жіп
Тартылған жіп
Қос жіп
Қатты немесе тастай байланған жіп
Бос байланған жіп
Тұзақталған жіп
Жіптің ұшы
Жіптің басы


Ойыншылардың отыру және бөліну түрлеріне байланысты: дөңгелене отыру, шеңбер жасап отыру, ала-қотан отыру, жұптасып отыру, топтасып отыру, жеке отыру, жүрелеп отыру, тізерлеп отыру.
Ойыншылар бөлінеді, жасақталады, топталады, жұпталады, тізбектеледі, қатарласады, дөңгеленеді, отырады, тұрады, жатады, сапта тұрады т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ халқының ұлттық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негізінің қалануы өте ерте тарихи кезеңдерден бастау алып, қалыптасқандығына төмендегідей негіздер бар:
1. Қазақ халқының арғы аталары болып саналатын сақтар, ғұндар, түркілер тарихы көрсеткендей жас ұрпақты тәрбиелеуде ойындар мен дене тәрбиесіне үлкен мән берілген. Өз дәуірінде өткізілген жарыстар туралы Геродот, сақ атының барлық аттарды артқа тастап бірінші келгендігін жаза отырып жалпы сақтардың жас балаларды 5 жасынан 25 жасқа дейінгі аралықта атқа отыру, садақ ату, және әділеттікке үйрету сабақтарын беретіндіктерін жазуы негіз болады.
2. Х ғасырда жазылған Махмуд Қашқаридың «Түрік сөздігі» атты еңбегіне сүйене отырып, дене тәрбиесі және ұлттық ойындардағы деректерді ғылыми айналысқа енгізу арқылы, қазақ халқының ойындары мен дене тәрбиесі мәдениетінің теориялық және педагогикалық негізінің өте ерте уақыттан бастап қалана бастағандығын көруге болады.
3. Тарих толқынында ұлттық ойындар дамуының бірде қарқынды, бірде баяу, тіпті кей замандарда тоқырау кезеңдерін бастан өткізгендіктерін көруге болады. Оған тарихтан белгілі «Ақтабан шұбырынды», XX ғасырдағы кеңестік дәуірдегі кәмпескелеу, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргінге ұшырауы, Ұлы Отан соғысы, т.б. қазақ халқы басынан кешкен нәубеттер себепші болған.
4. Мағжан Жұмабаевтың 1922 жылы Орынборда, 1923 жылы Ташкентте шыққан «Педагогика» (Баланы тәрбие қылу құралы) атты еңбегінде «Жалпы педагогика» тарауының тәрбие бөлімінде «тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулуық тәрбиесі, Һәм құлық тәрбиесі» деп бөледі. Тәрбие түрлері толық түгел берілсе ғана адам дұрыс қалыптасатынын көрсетеді. Біз педагогика салаларының осылай жинақталған түрінде берілуін қазақ халқының ұлттық тәрбиесіне сай деп санаймыз.
5. Қазақ халқы ұлттық ойындардың бала дүниеге келісімен дене жаттығуларын қолданғандығын және адамның жасының өсуіне сай, дене тәрбиесінің де түрлері өзгеріп отырғандығын көруге болады. Ойындарды жас ұрпақтың денесін шынықтыруда, отан қорғау ісінде негізгі құрал ретінде кеңінен қолдану қажеттігін көруге болады.
6. Дене тәрбиесін педагогиканың маңызды бір саласы ретінде қарастыра отырып, оған ұлттық этнопедагогикалық ерекшеліктерді орынды қолдануды қосу арқылы дене тәрбиесінің тиімділігін арттыру мүмкін болатындығын атап өтеміз.
7. Ұлттық тәрбие көрсеткендей, ұлттық спорт пен ойындар баланың жан дүниесін қалыптастырушы, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін жеткізуші, еліне деген патриоттық сезімдерді қалыптастырушы педагогикалық құрал екендігін атап өтеміз.
8. Қазақ елінің мұрасы дәстүрлі халық ойындарына қатысты өз еліміздегі, шет елдердегі мәдени мұраларды жинақтау, зерттеу, жүйелеу, оның пайдалы өнегесін жас ұрпаққа үйрету, осы күнгі заман қажеттілігінен туындаған өзекті мәселе екендігі айқындалып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет