Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет43/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Ойын барысы:

  • Бірлік. Бес тасты жерге иіріп тастаған соң,біреуін қақпақыл тас етіп алып, қалған төрт тасты қақпақыл тасты жоғары лақтыра отырып бір-бірден теріп алады (бір қолмен).

  • Екілік. Тастарды жерге иіріп тастап, жердегі төрт тасты екі-екіден бір қолмен жинап алады (иірген қолмен).

  • Үштік. Үш тасты бірге, бір тасты жеке жинап алады (иірген қолмен).

  • Төрттік. Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпақыл тасты жоғары лақтырып, ол қайта түскенше төрт тасты жерге қойып үлгереді де, қақпақыл тасты тағы жоғары лақтырып,жердегі тастың төртеуін бірге жинап алады.

  • Жалату. Ойында үш немесе бес жалақ болады. Қақпақыл тасты жоғары биіктікте лақтырып жіберіп,сұқ саусақпен жерді үш немесе бес рет жалатып үлгеру керек. Үш рет немесе бес рет жалату ойыншылардың өзара келісімі бойынша белгіленеді.

  • Жинау. Қақпақыл тасты лақтыра отырып,қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың үстіне жинайды. Тастар жиналған соң барлығын жоғары лақтырып алақанға ұстайды. Тастар жерге түсіп кетсе, ұсталған тастарға ұпай беріледі.

  • Төрт бұрыш. Төрт тасты жерге қойып, яғни төрт бұрыш жасап қойып, содан соң қақпақыл тасты биіктете лақтырып, тастардың төртеуін де жинап қағып алу керек. Төрт бұрыштың үлкендігі ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.

  • Арттан тастау. Ойынның бұл түрінде жерден бірінші тасты қағып алған соң, екінші тасты қағып қағып алу үстінде бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек. Үшінші тасты қағып алу үстінде екінші тас тасталады. Бәрін тастап болған соң,жердегі тастарды бір ретте тұтас жинап қағып алу керек.

  • Үндемес. Бестас ойынының бұл түрінің шарты бойынша қақпақыл тасты қағып алғанда, ол алақандағы басқа тасқа соғылмауы керек. Ойынның шаты бойынша үндеместі, ойнаған кезде ойыншының өзі де үндемей отыру керек. Ал басқа ойыншылар ойынның осындай жағдайын пайдаланып, үндеместі ойнап отырған ойыншыны сөйлетуге, күлдіруге тырысады. Ойыншы сөйлеп немесе күліп жіберсе, ойнауын тоқтатуға тиіс болады.

  • Сарт-сұрт. Ойынның бұл түрінде әрбір тас бір-бірлеп қағып алынады. Бірақ қақпақыл тас пен жерден алынған тастың бір-біріне соғылғаны құлаққа естілуі керек.

  • Қаршу. Ойыншы бес тасты жерге иіріп тастап, қақпақыл тасын қолына алады да, оны әрбір жоғары лақтырған сайын жерден бір тас алып, қақпақыл тасты қағып қаршып алып отырады.

  • Нәби. Ойынның бұл түрінде бір қолдың бас бармағы мен сұқ саусағын жерге тірей қақпа жасап ұстайды. Содан соң оң немесе сол қолдың сыртынан бес тасты алдыға қарай иіріп тастап, қақпақыл тасты таңдап алады. Ойынға қатысып отырған басқа ойыншы жердегі төрт тастың бірін нәби (ата) деп белгілейді. Ойыншы белгіленген «нәби» тасты басқа тастардың барлығын қақпадан өткізіп болған соң ғана қақпадан өткізеді. Ойынның шарты бойынша басқа тастарды «нәби» тасқа тигізіп алмай өткізу керек.

  • Балта шабу. Қолдың қырымен бөліп орындау. Жерге қырымен қойылған алақанды әр тасты өткізу кезінде жылдам көтеріп отыру қажет. Тас қолға тіреліп қалса ойын тоқтатылады. Өткізілген тастардың барлығын қайта бірге жинап алады.

  • Тоқылдақ. Тастарды жерге ұрып орындау. Жерге шашылған тастарды ойыншы екі-екіден бөліп алып жоғары лақтырылған тасты ұстағанша жерге тоқ еткізіп ұрып үлгеруі қажет.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет