Жабық қораға енгізу. Барлық тастар алақан арты жабық қора есігінен енгізіледі. Соңынан барлық тасты жинап алу керек.
Қуалау. Ашық қораға тастарды алдынан енгізгеннен соң, барлық тастарды қайта қораның алдыңғы есігінен айналдырып енгізу қажет.
Кедергі. Кедергіден жоғары асырып жинау. Қырынан қойылған алақан үстінен барлық тастарды бір-бірлеп асырып жинайды. Соңынан барлық тастарды біріктіріп жинап алады.
Бұрау. Жоғары лақтырылған тасты екінші қолды бұрап алақанмен ұстау. Барлық тастар бір-бірлеп ұсталады.
Алақан қаршу. Бес тасты түгел жоғары лақтыры түгел алақанмен ұстау.