Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет73/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

74. Үй үстіндегі кім?
Бұл ойынға қатысушылардың бірі жұдырығын түйеді де, үстелдің үстіне қояды. Оның үстіне басқалар да жұдырықтарын қоя бастайды. Бірінің үстіне бірі қойылған қолдар бірнеше қабат үй сияқтанып биіктей түседі. Егер ойнаушы аз болса, әр ойыншы қос жұдырығын қоюға болады.
Ең үстіңгі қолдың астындағы жұдырықтың иесі бастап, қалғандары қоштап мынадай сөздерді айтып шығады:
– Үй үстіндегі кім?
– Мұсамын.
– Неғып жүрсің?
– Ұшамын.
– Тезірек ұш.
– Қорқамын.
– Кейінірек ұш!
– Асығамын.
– Секіріп түс!
– Жығыламын.
– Келі.
– Ішіндегі не?
– Тары.
– Жүзің неден сары?

  • Жас шіркіннің кәрі.

Осы сөздерді айтып болғаннан кейін ойнаушылар түгелдей:
– Ат, та, жымпи,
Көжені іш те, тымпи! – деп қолдарын алады да тым-тырыс бола қалады.
Кім бұрын күліп қойса, сол айып тартады. Ойын бастаушы айыпталушының алақанын жазып ұстап отырады да:
– Кімнің үйіне қондың? – деп сұрайды. Айыпты ойланбастан:
– Әсеттікіне қондым, – деп жауап береді де:
Әсет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
Бесбай етті неше асатар? – деп тез-тез бірнеше рет қайталайды, жаңылмаса айыбын өтеген болып есептеледі. Егер жаңылса, ойын бастаушы тағы да:
– Кімдікіне қондың? – деп қайталап сұрайды. Айыпты ойыншы бұл жолы өзі білетін үйлердің ішінен біреуін атайды. Ойын бастаушы күліп қойған ойыншының алақанын қаттырақ шымши отырып, ет асата бастайды. Ет асатушы үйде неше кісі болса, сонша рет қайталайды. Ең соңында ойын бастаушы:
– Енді жақсылап тұрып өзім де бір асайын, – деп батыра шымшып, өзі де ет асайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет