108. «Алал-ай», «бұлал-ай», «солал-ай» Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір-бір ойыншы ортаға шығады да, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп: «алал-ай» ,«бұлал-ай», «солал-ай, қала-лай, шала-лай т.с.с.» аттарды әндетіп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысына көпірден өте бергенде бір-бір тастан ұстатады да, тастың белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы тастың атауы жаңағы әрбірінің өздері әндетіп айтып келе жатқан әуен «алал-ай», «бұлал-ай», «солал-айдың т.с.с.» біреуі. Егер өзіне берілген тастың атын тапса, онда көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, жүргізуші ойыншыны қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылай бірінші топ көпірдің астынан өтіп болғаннан кейін, қолға түскен тұтқындар топ ортасында өнер көрсетеді. Ойын зеректікті, сақтықты, дауысты ажыратуға үйретеді.
Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, тұтқындарды бірінші топ ұстайды.