Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет117/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

143. «Домалақ ағаш»
Қазақтың ежелден келе жатқан ұлт ойындарының бірі — «Домалақ ағаш» ойыны. Бұл «Қазан» ойынының бір түрі. «Домалақ ағаш» ойынын қыста мұз үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатынасушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ добы болуы керек.
Ойынға қатынасушылар ортадан шеңбер сызып, бір «қазан» қазады. Ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрып, арасы бір-бірі адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алдынан «қазан» қазып алады, домалақ ағашын соған салып қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос «қазанды» күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойында тұрған ойыншылардың әрқайсысы өзінің домалақ ағашын ортадағы бос «қазанға» түсіру; ал ортадағы бос «қазанды» қорып тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі қорып тұрған «қазанға» түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы «қазанға» домалақ ағашын кім түсіріп алса, сол адаммен орындарын ауыстырады. Ойын жалғаса береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет