Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет46/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Алақан сырты арқылы қаршу. Бес тасты жоғары лақтырып, екі алақанның сыртын қатар қою арқылы ұстау. Алақан сыртындағы тастарды қайтадан жоғары лақтыру арқылы алақанмен қайта ұстау.

  • Бір қолдың алақаны сырты арқылы қаршу. Жоғары лақтырылған барлық тастарды бір алақанның сыртымен ұстау керек. Ұсталған тастарды қайта жоғары лақтыру арқылы қолдың алақанымен қаршып ұстау қажет. Қаршып ұсталған тастар санына байланысты ұпай беріледі.



    Ескерту. Барлық қаршып ұстау түрлерінде әр қаршып алынған тастан 10 ұпай жинайды. Бес тасты түгел ұстаса 50 ұпай жинайды.
    Жеңімпазды анықтау. Бестас ойыны жеңімпазын анықтау әр ойыншының ойын кезеңінен өту саны бойынша барлық ойынға жіберген уақытын қосу және жинақталған қаршу ұпайларын қосу арқылы анықталады.
    21. Құмарлық
    Бұл ойынды асығы мол бозбалалар ойнайды. Таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты – асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің артына бірі, әркімнің өз кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақалармен оңқаны ата бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда көндегі асықты түгел алады. Ал оңқаға тимей жанындағы асықтарға тисе, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   240




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет