Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет188/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   226
16.4.Технократиялық парадигма
Бұл парадигма кәсіптік сана мен әрекет-қылықта ғылыми-техникалық төңкеріс жағдаяттары жеке құбылыстарының ықпалы мен олардың салдарынан туындап, қалыптасқан болатын. Парадигма өз негізіне ғылыми дәйекті, тәжірибеде сыналған білімдермен дәлелденген ақиқат, шынайылық жөніндегі ұғымдарды қалады. Осы оқу-үйретім үлгісін қару еткен мұғалімдер “Күш білімде” ұраны астында қызмет жасап, білімдер шындығының өлшемін тек практикамен байланыстыра іздеді.

Технократтық парадигма жағдайларында оқу-үйретім, тәрбие үдерісінің кез келген нәтижесі «ия-жоқ», «біледі-білмейді», «тәрбиелі-тәрбиесіз», «меңгерген-меңгермеген» жүйесімен бағалануы мүмкін. Мұндай педагогикалық үлгіде дайындық тәлімдік, тәрбиелік деңгейді анықтаудың міндеті қандай да өлшемі, талап-шектері мен көрсеткіштері басшылыққа алынады. Белгіленген ережелерге орай адам сапасының түсінімі оның қажет болған әлеуметтік қызметті орындауда дайындығы не дайынсыздығының бағасымен байланысты келеді. Ал міндетті білім және тәртіптілік жөніндегі ұғым мемлекеттік деңгейде айқындалып, бекиді.

Бала құндылығы «аз-көп», «жаман-жақсы», “күшті-әлсіз» принциптерімен анықталып, оқу орындарында жарыс, бәсекелестік тартыс жағдайларын туындатады. Мұғалім таңдауы, әдетте, «күшті» пайдасына шешіледі. Технокртия қисынына сәйкес әрдайым орындалатын іріктеу нақтама, конкурс тестлеу мезетінде “дайын тұрғандардың” алға ілгерілеуі үшін жүргізіледі. Теңсіздік “ересек-бала”, “мұғалім-шәкірт” жүйесінде өз көрінісін тауып барады. Алдын ала шамасы ресми бекіген білім мен әрекет-қылық иегері бірдейіне ересек болатындықтан, педагогикалық үдеріс қатысушыларының әрекеттестігі, сыртқы белсенділік формасынада қарамастан, субьекттің монолог жанрындағы ақпараттық хабарламасы принципінде құрылады. Мұндай монологтың субьекті тек адам емес, оқу-үйретім машинасы да бола алады. Әрқашан білім субьект тарапынан туындайды. Әдістемелер де әрқилы болуы ықтимал: жәй қайталау, қайта жасаудан (репродуктив) интербелсенділікке дейін, бірақ әрекет мәні қай жағдайда да жалпы бірдей: тәрбиеленуші санасы мен әрекет-қылығына жоғары дәлдікпен талаптық мазмұнды енгізуге мүмкіндік беретін алгоритмді тауып, оның толық әрі дәл қайта жаңғыруын қамсыздандыру.

Шәкірт және оның ұстазының еркіндігі қабылданып, бекіген ресми ұстанымдар мен стандарттар шеңберінде іске асады. Теңдік, шынайы тұрғыдан, болуы мүмкін емес, себебі барша субьект бірі бірімен алдын ала қабылданған өлшемдерге сай салыстырылады. Осыдан, технократиялық болмыс ережелеріне жүгінген қоғамдық сана аймағы сол ережелерді күмәнді бағалап, жоққа шығарушы білімдер мен әрекет-қылық амалдарына қарсылық білдіріп жатады. Ғылыми-технократтық парадигма ежелден танымдық мүмкіндіктер теңдігіне деген сенімсіздік қисынына сәйкес түзілген. Осының салдарынан әлемдек педагогикалық мәдениетте әр текті тәлімдік сынақ, рейтингтік тәсілдер мен стандарттар, әрқилы дағдарысты формалар пайда болып жатады. Сонымен бір қатар “жоғарыдан түсірілген” талап-шартқа сәйкестікті тексеруде, баланың ұтымды дамуына жағдайлар жасалдыма, ұсынылған стандарт, эталон нақты адам табиғатымен ұштасып, жұптасама-бұлар ескерусіз қалатын. Алайда, бұл парадигмадағының баршасын “жаман” деп бағалау жөнсіз. Себебі бұл оқу-үйретім үлгісі тек өкілінің мүмкіндіктеріне сенбеушілікке негізделгенімен, осы парадигманың арқасында небір өнімді педагогикалық технологиялар мен жұмыстың қызықты формаларына кол жекіздік: трафарет көмегімен жазу, оқу-үйретімнің белл-ланкастерлік жүйесі, алгаритмдеу және бағдарламаластыру, комьютер ойындары, тірек конспекттері және т.б. Бұлардың бәрі күрделі педагогикалық үдерісті ретке келтіруге, оның сандық бағасын беруге, кері байланыс орнатуға көп жәрдемін тигізді.

КСРО-да технократиялық парадигма 1958-жылы үкіметтік мектеп реформасымен ресми бекімін алды. Нәтижеде, оқу-үйретім жоспарларынан КСРО Конституциясы (азаматтардың құқықтары мен міндеттері жайлы пән), психология (адам жаны жөніндегі ғылым) шығарылып, олардың орнына оқу- сабақтар кестесінде “Техникалық және қызмет көрсету еңбегі” мен “бастапқы әскери дайындық” пәндері енді. Орта мектеп өзінің басты қызметі адам мәдениетін қалыптастыру болғанымен, енді “еңбектік политехникалық” деп ресми жәрияланды. Сол реформаның жаңғырығы бүгінгі мектеп жоспарларында “еңбекке баулу”, “Технология” атамаларымен сақталып келеді. Осы пәндерге тәуелді балалар мектеп сыныпханалары мен ауласын тазалау және кездейсоқ еңбектік міндеттерге тартылуда.

Барша кемшіліктеріне қарамастан технократтық парадигма шәкірттердің жоғары білімдік деңгейін қамтамасыз етті. Технократтық тәлім басымдылығыан біздің өткендегі еліміз әлемде бірінші болып ғарыш кеңістігін игере бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет