11. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОРТАҚТАСУ ШЕБЕРЛІГІ
11.1. Педагогикалық ортақтасу түсінігі
Педагогикалық шеберліктің маңызды құрамдас бір бөлігі - педагогикалық ортақтасу шеберлігі есептеледі. Ортақтасу - адамның аса маңызды рухани, қоғамдық және тұлғалық көріну салаларының бірі, сонымен бірге ортақтасу(общение) арқылы әлеумет мүшелері өзара түсінімге келеді, бірін бірі нақты тану мүмкіндігін алады. Ортақтасудың арқасында қоғам азаматтары ақпарат алмасып, өзара түсіністікке келіп, іскерлік қатынастарын түзеді, шығармашыл байланыстарын қалыптастырып, психикасын дамытады, сана-сезімін байытады.
Ортақтасудың санқилы түрлері баршылық.
Ортақтасу түрлерін топтастыруда ең алдымен ажыралатындары сырттай көріністі - тұлғааралық, топтық, ұжымдық ортақтасу. Бұл тұрғыдан ортақтасуды әріптестердің ауқымды көкейкесті қажеттерінен туындап, сол қажеттерді қанағаттандыруға бағытталатын тұлғааралық немесе топтарарлық әрекеттестіктер үдерістері сипатында тануға болады. Мұндай үдерістер не еркін, не іскерлік қажеттермен шарттасқан екі немесе бірнеше тек өкілдерінің, немесе қызуғылары бойынша үйірмедегі, бейресми бірлестіктердегі өзара әрекеттестік топтық қатынастар, немесе бірлікті еңбек үдерісіндегі, қоғамдық пайдалы қызметтегі ортақ мүдделі ұжымдық әрекеттестіктер болуы мүмкін.
Сырттай көріністі тұлғааралық және топтараралық ортақтасулармен бірқатар ішкі ортақтасу, яғни адамның өзі мен өзі, өзінің екінші «менімен» іштей сөйлесуі, немесе жасанды не қиялдан туған басқа адам немесе құбылыстармен тіл алмасуы. Іштей ортақтасу яғни дыбыссыз тілге келуі тұлғалық – даралықты, адамның рухани өмірінің өз «менімен» тұйық үдерісті сипатта болады. Мұндай ішкі рухани қызмет адамның өзіндік тәрбиесін, өзіндік жетіліп баруын қамтамасыз етеді.
Адамилық ортақтасудың және бір түрі - бұл адамдардың жанды және жансыз табиғатпен, жануарлармен, заттар не мүліктермен рухани ықпалдастыққа келуі. Бұл байланыс қажеттілік - тәжірибелік және рухани-эстетикалық негізде өтіп жатады. Адамның танымдық және еңбектік іс-әрекеттерінің тұғыры - табиғатпен қарым-қатынастан. Табиғат ұлылығын, жұмбақ сыры мен сұлулығын қызықтай отырып, оның мүлтіксіз жетілген әрі үйлесімді формасы мен түр-түсіне, әуен-дыбыстары мен құрылымына назар салудан адам жан қанағаты мен әсемдік рахатына бөленеді. Жануарлар мен өсімдіктер әлемімен қатынас жасап, оларды қамқорлық аясына алып, рухани болмысын байыта түседі. Заттар, мүліктермен араласудан адам кейде оларға сыры түсініксіз мән-мағына беріп, табынып жатады.
Педагогикалық ортақтасу танымдық және тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталады. Қазіргі таңдағы ақпараттық бұрқасын және оның туындау көздерімен қарым-қатынас жасаудан білім, ептілік, дағды игеріп, оларды талдау, іріктеу, өндеуден өткізу – тәлім меңгерудің басты тетігіне айналып отыр. Тәрбиелеу үдерсінде де осы педагогикалық ортақтасу аса маңызды құралдардың бірі ретінде қолданымын табуда. Оның жәрдемімен әрекеттесу үдерісінде тұлғаның қалыптасуы өтіп жатады.
Педагог және шәкірт арасындағы әрқандай ортақтасу белгілі тәрбиелік мәнге ие. Бұл заңдылық, дегенмен, психолгияда педагогикалық ортақтасу ниетті және кездейсоқ болып ажыратылады. Осы сөздердің дәл мағынасына сай педагогикалық ортақтасу тек ниеттелген болуы мүмкін. Ниетті педагогикалық ортақтасу мақсатты бағдарлылығымен, саналы белгіленге мақсатымен, ортақтасу үдерісінде және оның нәтижесін педагогтардың белгілі оқу-үйретім, тәлімдік, дамыту және тәрбие міндеттерін шешуге ұмтылысымен сипатталады. Осыдан, ниеттелген педагогикалық ортақтасу астарында жататын шәкірт тұлғасының немесе тұлғааралық қатынастарды қалыптасуы тікелей не жанама бағытталып, тәрбиелік ықпал шарасы ретінде саналы түзілген әрі қабылданған педагогтың сөздік не сөздік емес әрекет-қылықтарын түсінеміз.
Осы ұстанымға орай педагогикалық ортақтасуды келесідей анықтамамен өрнектеуге болады.
Педагогикалық ортақтасу - бұл оқу-үйретім және тәрбие барысындағы белгілі педагогикалық қызмет атқару үшін ұнамды психологиялық жағдай түзуге арналған, сондай-ақ педагог пен шәкірт арасындағы оқу-үйретім іс-әрекеттерін және өзара қатынастарын оңтайластыруға бағытталған кәсіби, тәлім-тәрбиелік мазмұнды тілдесу, ақпарат алмасу (А.А. Леонтьев).
Анықтамадан түсінетініміз, өнімді педагогикалық ортақтасудың басты белгісі - жайма-шуақ психологиялық көңіл-күй түзіп, соның арқасында ұжымда (сыныпта, оқу-үйретім тобында) нақты тұлғааралық қатынас-байланыстар қалыптасуына жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |