Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор


Педагогикалық ортақтасу мәнері мен мәдениеті



бет131/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   226
11.3. Педагогикалық ортақтасу мәнері мен мәдениеті
Тәрбие және тәлім міндеттерін табысты шешу үшін педагог педагогикалық ортақтасудың тиімділігін арттыруға ықпал жасайтын қандай шараларды қолдануы қажет, сонымен бірге оның өзі қандай психологиялық сапалар мен қабілеттерге ие болуы тиіс?

Педагогикада үлкен мән педагогикалық ортақтасу мәнеріне бөлінеді. Себебі педагогикалық ортақтасу ерекшелігі әрқилы әлеуметтік рөлдік және оған қатысушылардың қызметтік бағыт-бағдарымен сипатталады. Педагогикалық ортақтасуда педагог (мұғалім, ұстаз) тікелей не жанама түрде оқу-үйретім және тәрбие үдерісіне байланысты өзінің әлеуметтік-рөлдік міндеттерін атқарады. Көптеген зерттеулердің дәлелдегеніндей, қандай да басқару мәнерімен байланысты ортақтасу мәнері тәлім және тәрбие тиімділігіне негіз болуымен тұлға дамуының және ұжымдағы тұлғааралық қатынастар қалыптасуының ерекшеліктерін айқындайды.

А.В.Журавлев анықтауынша, «басшылық мәнері - бұл басқару қызметтеріне сапалы да тиімді ықпал жасау мақсатында қолданылатын біршама тұрақты әдістер, шаралар мен тәсілдер жүйесінің даралықты-тектік ерекшелігі».

Зерттеушілер басшылықтың үш негізгі мәнерін ажыратады: Әміршіл-әкімшіл, демократияшыл және бетімен жіберушілік (либералдық).

Әкімшіл мәнерде басшылық қатаң тәртіпке негізделіп, шәкірттер әрекет-қылығы мен іс-әрекеті жаппай қадағалауға алынады. Педагог үстемдік, бұйрық тәсілін жиі пайдаланады, қадам сайын балаға ескерту жасаумен болады. Дәріс барысында ол жұмыстың жалпы мақсатын ғана белгілеп қоймай, тапсырманы орындаудың тәсілдерін де анықтайды. Тапсырманы және оның орындау жолдары мұғалім тарапынан кезеңдерімен белгіленіп беріледі. Мұндай «қамқорлық» шәкірттердің іс-әрекет жасауға деген ынта-ықыласын кемітеді, себебі олардың қай-қайсысы да орындалуы қажет жұмыстың жалпылай мақсатын аңғара алмай, нақты кезеңдегі жұмыс қызметінің нендей болмағын және алда не күтіп тұрғанын сезбейді, іс-әрекетті кезеңдерге бола өлшестіріп беру және оны қатаң қадағалау шәкірттердің өнімді мүмкіндіктеріне мұғалімнің сенбеушілігінің айғағы. Қай жағдайда да мұғалім назарындағы шәкірт төмен жауапкершілік деңгейімен сипатталып, қатал тәртіп қысымынан босай алмайды. Баланың көрінген өзіндік ынтасын әкімшіл мұғалім орынсыз еркіндік деп бағалайды. Мұғалімнің мұндай әрекет-қылығы көбіне өзінің бірліктілік деңгейінің төмендігін білдіріп қойып, өз беделін жоғалтып алу қауіпінен туындайды.

Демократияшыл басшылық мәнерінде мұғалім дәріс үдерісінің барша қызметіне араласа бермей, тек соңғы нәтижені бақылауға ұмтылады. Ұжым толығымен жоспарланған жұмыстың егжей-тегжейін талқылауға қатысып, оны ұйымдастыру бойынша өз пікірлерін білдіруге құқылы. Мұндай мұғалім шәкірттері тапсырманы орындау барысындағы өз міндеті және оның алда қалай өрістейтіні жөнінде толық ақпарат алады. Нәтижеде шәкірттерде өз мүмкіндіктеріне сенімі артып, өзін-өзі басқаруға деген ынта жоғарылай түседі. Жұмыс орындауға болған ынтаның артуымен бірге педагог пен шәкірттің, шәкірттердің аралық жеке қатынастарындағы ортақтасу ниеттері ашыла түсіп, өзара сенімдері тереңдей орнығады.

Өз бетіне жіберушілікке, яғни либералдыққа негізделген басшылық мәнері барша өкілдіктер мен жауапкершілікті толығымен балаларға артуға бағдарланған. Жетекші қарауындағыларға толық еркіндік береді, олар өз іс-әрекеттерін қалауынша дербес ұйымдастырады. Басшы әбден қажетті жағдайда, уақтын-уақтын ғана оқу-үйретім үдерісіне араласады. Либералды басшылық мәнерінің көзге түсер ерекшелігі, шын мәнінде мұғалім өзін тәлім-тәрбие үдерісінен алшақтатып, төңіректе болып жатқанның бәрінен өз жауапкершілігін босату. Мұндай басшылық мәнерінде жұмыс көлемі мен оның сапасы өте төменгі деңгейде болуы ғажап емес.

Гуманистік педагогика ортақтасудың демократияшыл мәнерін дәріптейді. Гуманистік педагогика тұрғысынан, егер тәрбиеленуші тәрбиеші ықпалының енжар нысаны болып қалмай, білім, бағыт-бағдарға ие болған, өз бетінше ойлау және іштей адамгершілікті ерік қабілеті жоғары, белсенді, шығармашыл субъект ретінде танылса, педагогикалық ортақтасу өз қызметін толық ақтайды.

Педагогикалық ортақтасудың аса маңызды тиімділік шарттарының бірі-педагогтың бала дамуының әлеуметтік, психикалық, даралықты ерекшеліктерін тереңдей сезінуі және олардың ортақтасуға араласу сәтіндегі көңіл-күй психикалық қалпын жете түсінуі.

Педагогикалық ортақтасу тиімділігі үшін маңызды келетін және бір жағдай-педагогтың тәлім-тәрбиелік өз қызметін атқаруға болған ынталылығы. Егер педагог шәкіртіне болған қатынастарын бала өмірін жақсартуға, сол өмірді қызықты да шуақты құруға шынайы қызуғышылығын таныту негізінде жасай алса, тәрбиеленуші педагогты сөзсіз қабылдайды, бала әрбір аға ұрпақ өкілінде өзіне деген шынайы мейірді, өз басына түскен мәселелерде қоршаған ортаның жан-жақты қамқорлығын бағалай біледі.

Педагогикалық ортақтасудың кепілі - педагогтың жоғары беделі, шәкірттер алдындағы педагогтың абырой көрінісі мен формасы, оған деген балалардың сүйіспеншілігі. «Сыйласа-жақсы, сыйламаса-оқасы жоқ, олар жолында тер төккенімді, кейін түсінер» - деп ойлайтын педагогтар аз емес. Бұл түбегейлі қате пікір. Тәрбиеленушілердің өз тәрбиешісіне деген сүйіспеншілігі ұнамды ниеттердің бірі ғана емес, ол тиімді педагогикалық үдерістің құдіретті қозғаушысы. Бала сүйіспеншілігі ұстаз еңбегінің жемісі, педагогикалық ортақтасу мен барша педагогикалық іс-қызметтің өте қарулы құралы әрі оның маңызды шарты. Педагогикалық ортақтасу тиімділігін анықтайтын педагогтың аса маңызды кәсіби сапасы - бұл шыдамдылық. Педагогикалық ортақтасу барысындағы дау-дамай жағдайлар көбіне педагогтың өз сұхбаттасы-бала көзқарасын қабылдай білмеуінен, қандай да алдын ала ойланбай қатынасқа келуінен, яғни тұлғалық сапа-шыдамдылықтың болмауынан туындайды. Белгілі физиолог А.А.Ухтомскийдің атап көрсеткеніндей, адам өзінің жалған сенімдері мен нанымдарының, ойланбай «тон пішулерінің» құрбаны болады, бірақ оны өзі сезбейді. Өз пікірін дамыта, әрі оны ортақтасумен байланыстыра, ол алдын ала қалыптасқан өзімшілдіктен тәуелсіз болуға, өзге пікіріне ашық келіп, басқа адам ойын есіте-сезе білуге назар аударады.

Педагогикалық психологияда ортақтасудың бірнеше маңызды ережелері қабылданған, бірінші ереже психологиялық: әріптес тілінде сөйлесе білу. Ақпарат жеткізу тілі ортақтасу субьекттерінің бәріне бірдей анық та түсінікті болуы шарт. Педагогтың міндетті түрде есінде ұстайтын жәйт-сөз, сөйлеу адамдардың ақпарат алмасуында ғана маңызды болып қалмай, адамды төңіректегі, оны қоршағандардың да қабылдау құралы.

Ортақтасу тиімділігі үшін ақпарат мазмұны мен оны жеткізу формасының маңыздылығымен бір қатар, ортақтасу барысындағы көңіл-күй кейпі үлкен рөлге ие. Белгілі кеңес педагогы В.А.Сухомлинский бала психикасының қозуын күшейту үшін дауыс көтеру, жекіру сияқты әдістерді қолдануға тікелей қарсы шықты. «Абайлаңыз, сөзіңіз нәзік тәнге тиіп, оны күйдіріп, өмір бақи ауыр жара салатын қамшыға айналмасын. Егер сөз шынайы болып, тәрбиеші жүрегінен шықса, ол тәрбиеленуші көкейіне қонады, оның көңіл қорғанысына айналады».

Дегенмен, педагогикалық ортақтасудың көп жағдайда мұғалімнің құрғақ уағызына айналып кететін тұстары кездесіп жатады. Жалыққан шәкірт бұл «сұхбат қашан бітер екен деп, ақырын асыға, шыдамсыздықпен күтеді. Осыған орай В.А.Сухомлинский: «Мектеп қабырғасында айтылатын әрбір сөз ой толғанысынан шығып, даналықты, толық мәнді болуымен бірге, мақсаты нақты болуы шарт. Ол қажетсінген нақты адамға бағытталып, қолданған сайын өз құнын ұдайы арттырып барғаны орынды».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет