Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет81/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   226
Реттеу-түзету принципі оқу-үйретім, тәрбие жұмысы жобаларын түзуде балалар дамуындағы кемшіліктерді жан-жақты ескеріп баруды қажет етеді. Бұл принципке сай даму аймағына сәйкестендірілген оқу-үйретім әдістері мен тәсілдерін қолдануға, сондай -ақ белгілі жас кезіне сай даму деңгейін ескеріп іріктелген оқу-үйретім және тәрбие құрал жабдықтарына негізделген жақын даму аймағын нақты бағдарға орайластырып, құруға тәуелді келеді.

  • Нақтама мен реттеу-түзетуді кешенді пайдалану принципі баланы жан-жақты психологиялық-медициналық және педагогикалық бірігімді зерттеуден өткізуді талап етеді. Ондағы мақсат – бала бойындағы оның ағза мүшелерінің нұқсанды және сау қызметтерін анықтау, дамудың қандай да ауытқуларына кезіктірген себептерді ашу. Алынған деректердің арқасында бала дамуындағы жалпы және жеке дара ерекшеліктерге байланысты кемшіліктерді реттеудің жобасы құрылады.

  • Оқу-үйретім, тәрбие үдерісінің бала денсаулығын сақтау және дамытуға бағдарлану принципі. Оқу-үйретім үдерісінің бірігімділігімен бала ағзасының бірнеше қызметтерін (көру, қозғалыс, басқару, бой ұстау) бағдарлы қалыптастыруды көздеген арнайы технологияларды пайдалануға негізделеді. Мұндай технологиялар реті келесідей:

    - жұмыс барысында бой ұстау қозғалыстарын икемге келтіру (балалар жұмыс байыбына орай не тұрады, не отырады, бұл үшін арнайы стол жабдықтары қолданылады);

    - сабақта “көру көкжиектері” талабы қойылады (дидактикалық материалдардың көру ептілігіне орай қашық не жақын қолданылуы);

    - қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын зерттеуде “экологиялық әліппе” талаптарын сақтау (қоршаған дүниеге де, баланың өзіне де зиянсыз болсын);

    - жазуға перолы қаламсап жәрдемімен үйрету;


  • 1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   226




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет