Шыдамдылық (толеранттық) принципі әрқилы кемшілік, қиыншылықтары бар балаларды алаламай, оларға зейін аударып, мінез-құлқында қандай да бұзылыстардың болуына қарамастан, шыдаммен оларды қоғамдық ортаға бейімдестіруге сілтеме береді.
Баламалық (вариативтік) принципі оқу барысын аймақта (аудан,
қала) қалыптасқан педагогикалық қызмет, маман және қаржылық мүмкіндіктер мен ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру мәселелерін ескерумен реттей дамытушы оқу-үйретімнің бірнеше баламаларын (нұсқауларын) ұсынып баруға негізделеді.