Қатерлi iсіктiң арнайы иммунды емiнде моноклонды антиденелердi қолдану
Гуманизирленген моноклонды антиденелерден дайындалған препараттардың сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кіріспе
Моноклонды антиденелер дегеніміз – бір жасушалық клонға жататын, иммунды жасушаларды өндіретін антидене. Моноклонды антиденелер бір изотипке, бір аллотипке жатады және оларда бірдей өзгермелі аймақтары, құрамы және идиотипі болады.
Моноклонды антиденелерді алудың мақсаты – берілген арнайы антиденелерді түзетін шектеусіз көбеюші жасушалар клонын алу болды. Бұл мақсатты 1975 жылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн қалыпты лифоциттер мен миелоидты жасушаларды қоректі орталарда қосып, гибрид алған.
Қатерлi iсіктiң арнайы иммунды емiнде моноклонды антиденелердi қолдану
Қатерлi iсіктiң арнайы иммунды емiнде моноклонды антиденелердi қолдану
Моноклонды антиденелерді, негізі, ісік жасушаларына тікелей әсерін шақыра алатын арнайы залалсыздандыруға арналған әр түрлі улы агенттерді енгізу үшін пайдаланады. Цитотоксикалық ісікке қарсы препараттармен байланыстырылған моноклонды антиденелерді қолданғанда немесе ісік жасушаларын сәуледен кейін өлуін шақыратын аса белсенді белгіленген изотоптармен біріккенде де бұл дәрілердін өте жақсы емдік қасиеті анықталған.
Сөйтіп, шетелдегі (АҚШ) ісік зерттеу орталығында адамдағы В-жасушалық лимфомасындағы CD20-антигенге қарсы бағытталған радио белгіленген В-антиденелерін ауруларға енгізгенде, ісіктің 85% жағдайында толық регрессиясы көрсетілген. Осындай зерттеулер Мичиган университетінің клиникасында да жүргізілген: 28 емге төзімді В-жасушалық лимфомасы бар аурулардың 14де толық ремиссия болған. Барлық жағдайлардың ішінде ұзақ уақыт ремиссия 79% ауруларда болган. Радио белгіленген моноклонды антиденелер, химиятерапиясы сүйек кемігі трансплантациясымен бірігіп Нью-Йорктың ісік орталығында жедел миелолейкозын емдеуінде қолданылған. Қайталамалы және емге төзімді жедел және созылмалы миелолейкозы бар 28 аурудың 27де толық ремиссия байқалған.