Қазір лабораторияларда көптеген жаңа ісік антигендеріне қарсы моноклонды антиденалер дайындалыпг жатыр, ал олардың клиникада қолданылуы күннен кунге жүзеге асуда. Көпшілік жағдайда, иммунды ем ретінде тышқандардан алынған моноклонды антиденелер жиі қолданылады. Олар адамда күшті иммунды жауап шақырады, сондықтан иммунды токсиндер мен радиобелгіленген препараттар ауруға тек бір рет енгізіледі, себебі қайта енгізгенде пайда болған антиденелер бұл дәрілік заттарды залалсыздандырады. Бұл жайдың шешуі — рекомбинантты моноклонды антиденелерді ашуға байланысты, атап айтқанда тышқан иммуноглобулиндердің Ғс-үзіндісі адамдікіне ауыстырылған. Қазір бір-қатар фирмалар осындай ісікерекшелі моноклонды антиденелер жасау тәсілін зерттеп, клиникалық тәжірибиден өткізуде.