Жұмыстарды ұйымдастыру және қолданылатын құрал-жабдықтар:
Гибридомаларды алу жұмыстарын бөлек бөлмеде өткізеді. Келесі құрал-жабдықтар болу керек:
1.Ламинарлы бокс.
2.Бір белгілі мөлшерде ылғалды, температураны, көмірқышқыл газды ұстап тұратын инкубатор.
3.Центрифуга.
4.Микроскоптар.
5.+4 және -200 градус ұстайтын холодильник.
6.+37 және +560 градуста жұмыс істейтін су моншасы.
Тоқ ішек обырының операциядан кейінгі емдеуінде қолданылатын моноклонды 17-1 А-антиденелі — иммунды токсиндер 30% жағдайда өлімді төмендеткен. LMB-1 иммунды токсиндер ток ішекпен сүт безі ісігін емдеуінде қолданылған. Тағы басқа, сүт безі ісігінің емінде Anti-Her2 / new препараты қолданылды.

Қазір лабораторияларда көптеген жаңа ісік антигендеріне қарсы моноклонды антиденалер дайындалыпг жатыр, ал олардың клиникада қолданылуы күннен кунге жүзеге асуда. Көпшілік жағдайда, иммунды ем ретінде тышқандардан алынған моноклонды антиденелер жиі қолданылады. Олар адамда күшті иммунды жауап шақырады, сондықтан иммунды токсиндер мен радиобелгіленген препараттар ауруға тек бір рет енгізіледі, себебі қайта енгізгенде пайда болған антиденелер бұл дәрілік заттарды залалсыздандырады. Бұл жайдың шешуі — рекомбинантты моноклонды антиденелерді ашуға байланысты, атап айтқанда тышқан иммуноглобулиндердің Ғс-үзіндісі адамдікіне ауыстырылған. Қазір бір-қатар фирмалар осындай ісікерекшелі моноклонды антиденелер жасау тәсілін зерттеп, клиникалық тәжірибиден өткізуде.