Моноклонды антиденелер



бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі1,99 Mb.
#159125
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
фарм 11

Қазір лабораторияларда көптеген жаңа ісік антигендеріне қарсы моноклонды антиденалер дайындалыпг жатыр, ал олардың клиникада қолданылуы күннен кунге жүзеге асуда. Көпшілік жағдайда, иммунды ем ретінде тышқандардан алынған моноклонды антиденелер жиі қолданылады. Олар адамда күшті иммунды жауап шақырады, сондықтан иммунды токсиндер мен радиобелгіленген препараттар ауруға тек бір рет енгізіледі, себебі қайта енгізгенде пайда болған антиденелер бұл дәрілік заттарды залалсыздандырады. Бұл жайдың шешуі — рекомбинантты моноклонды антиденелерді ашуға байланысты, атап айтқанда тышқан иммуноглобулиндердің Ғс-үзіндісі адамдікіне ауыстырылған. Қазір бір-қатар фирмалар осындай ісікерекшелі моноклонды антиденелер жасау тәсілін зерттеп, клиникалық тәжірибиден өткізуде.


Антидененің аталуы

Әсер ету механизмі

Қандай ауруларда қолданатыны

CTLA4Ig

CTLA4 клеткадан тыс рецепторы иммуноглобулиннің Fc-фрагментімен байланысқан

Бүйректің трансплантациясы, псориаз, ревматоидты артрит

Алемтузумаб

СD52-ке антиденелер, Т және В- лимфоциттердің төмендеуі

В-клеткалы лейкоз, созылмалы лимфолейкоз

Базилисимаб

CD25-ке антиденелер — Ил-2 рецепторының альфа-суббірлігі

Трансплантаттың ажырап қалуын алдын алу

Бевасизумаб

VEGF-ге антиденелер

Тік ішек обыры, өкпе обыры

Гентузумаб озогамицин

CD33-ке антиденелер, калихе-амицинмен конъюгацияланған

Жіті миелолейкоз

Ибритумомаб

90Y — ибритумомаб

Ходжкин емес лимфома

Инфликсимаб

Ісікті некроздау факторына (ІНФ) антидене

Ревматоидты артрит, Крон ауруы

Кленоликсимаб

СD4 антидене,Т-лимфоциттердің активтілігін тежейді

Ревматоидты артрит

Натализумаб

VLA-4 адгезия молекуласына антидене

Трансплантатты ажырату кризы, жайылмалы склероз

Омализумаб

IgE-ге антидене

Атопиялық БА және ринит

Пенитумумаб

IgG2-ге антидене, эпидермистің өсу факторы рецепторына

Тік ішек обыры

Ритуксимаб

CD20 антидене, B-лимфоциттер

В-клеткалы лимфома, Ходжкин емес лимфома

Тозитумомаб

CD20 антидене, 1311-ге конъюгацияланған

Ходжкин емес лимфома

Трастузумаб Trastuzumab)

HER2 / neu-ге антидене

Сүт безі обыры

Цетуксимаб Cetuximab

(Her1) Адамның эпидермалық өсу факторы рецепторына химерлі антиденелер

Тік ішек обыры, бас пен мойын обыры

Эпратузумаб

CD22 - B-лимфоциттерге антидене

Гемолитикалық анемия, СКВ, РА

Этанерцепт

ФНО рецепторы –антиденелердің Fc фрагменті

Ревматоидті артрит

Эфазилумаб

LFA-1 адгезия молекуласына антиденелер

Псориаз, бүйректің транспланта-циясы, лимфопролиферативті аурулар

Ранибизумаб

Анти VEGF

Өспелер, торқабықтың дегенерациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет