МоөЖ мазмұны: Білім беру саласындағы аксиологиялық басымдықтар



бет2/2
Дата13.11.2023
өлшемі20,98 Kb.
#191323
1   2
Байланысты:
9 апта срмп Баскару

10 апта
МОӨЖ мазмұны:

  1. Диагностикалық әдістемелерді өткізу және интерпретациялау

1977 жылы әйгілі психолог Б. Г. Ананьевтің «О проблемах современного человекознания» атты монографиясы басылып шықты, онда психологиялық-педагогикалық диагностикалық процедуралар мен оның жіктелуі туралы мәселе қозғалды. Ол өзінің жіктеуін ұсына отырып, оны төрт топқа бөліп енгізді: Ұйымдастыру әдістері — салыстыру / әрқандай топты, жасы, қызметі т.б. бойынша салыстыра зерттеу/, кешендік зерттеу /әр түрлі ғылымдар өкілдері қатысып бір объектіні жан-жақты әр құралдармен зерттеу/, лангитюд — бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу. Эмпирикалық әдістер — бақылаумен өзіндік бақылау, эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы), психологиялық диагностикалық әдістер: психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия (әлеуметтік өлшем әдісі), интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері, моделдеу (математикалық, кибернетикалық т.с.с.) өмірбаян.


Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу) талдау әдістері. Қазіргі психодиагностикада қолданатын құралдар өздерінің сапасы жағынан екі типологиялық топқа бөлініп қарастырылады: жоғары деңгейдегі қалыптастырушы әдістемелер және аз қалыптастырушы әдістемелер. Жоғары деңгейдегі қалыптастырушы әдістемелерге тест, сұрақ-жауап, жобалау техникасы және психофизиологиялық әдістемелер жатады. Бұларға тән сипаттар: зерттеу процедураларының қатаң реглементациясы, стандарттылық, жарамдылық, сенімділігі. Бұл әдістемелер индивидті басқа адамдармен сандық, сапалық жағынан салыстыруға мүмкіндік беретін диагностикалық мәліметтерді қысқа уақыт ішінде жинақтауға мүмкіндік береді. Аз қалыптастырушы әдістемелерге бақылау, сұрақтар, іс-әрекет нәтижесіне анализ тәсілдері жатады. Бұл тәсілдер зерттелушінің психикалық құбылыстарды зерттеуде құнды мәліметтерді жинақтауда қолайлы болып табылады. Сонымен бірге аз қалыптастырушы әдістемелер еңбек етуді қажет етеді, көбінесе кәсіптік тәжірибеге сүйенеді. Алайда, шетел психодиагностикасында әдістемелерге сипаттамалар беріліп отырады. Вербальды емес тесттер жазу мен оқып білуді талап етпейтін тесттер. Оларды орындау үшін ауызша нұсқаулар мен диагностпен қарым-қатынас жасау керек. Тапсырмаларда заттар, көрнекті суреттер вербальды мазмұнды қолданылуы мүмкін. Олар, мәселен, суреттеме құралдардың көмегімен берілетін сөздердің, сөйлемдердің мәнін түсіну үшін диагностикалауға бағытталуы мүмкін. Сондықтан бұл тесттер басқа тілде сөйлейтін және естімейтін адамдар үшін жарамсыз болып келеді. Шетелдік оқу құралдарындағы барлық жеке айырмашылықтарды анықтауға арналған әдістемелер тест деп аталынып, ал диагностика туралы кітаптар тестология туралы кітаптар деп аталынды. Тесттің шығу тарихы.Психологиялық тест сипатының өзгеруінің келесі сатысы оны өткізу формасының өзгеруімен байланысты. ХХ ғ. бірінші жартысында пайда болған тестер жеке, яғни тек жеке адамды зерттеуге арналды мұндай тесті жоғарғы дәрежедегі білім деңгейіне сәйкес, арнаулы қабілеттері бар адамдар пайдалананып, қолданды. Бұл ерекшелік бірінші тестердің таралуына кедергі келтірді. Тәжірбие, әрекеттің қандай да бір түріне дайын адамдарды таңдау, олардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекетін әр түріне сай бөлуіне қажет көп адамдар тобына диагностика жүргізуді талап етті. Жарамдылық интелект тесттің мүмкіншілігі шектеулі екендігін анықталды: тест негізінде нақты іс-әрекеттің тар көлемінде болжам жасау жетістікпен орындалмады. Бірақ, интеллектің жалпы деңгейі туралы білімнен басқа адамның психикасының ерекшеліктері туралы қосымша мәліметтер керек болды. Осының негізінде тестологияда жаңа, арнаулы қабілет тестері тек алғашқыда интеллект тестерін бағалауда қосымша ретінде жарыққа көрінсе, енді ол жеке дербес облыс ретінде бөлініп шықты. Демек, тест (ағылшын — test — сынау, сынама) — жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі [1, 214 б.]. Ол тестік модельдік жағдайлар болып табылады және олар арқылы жеке тұлғаға тән сипатты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Психологиялық тестің қорытындысын дұрыс интерпретациялау және бағалау, оны қандай мақсатта қолданылғанға негізделеді. Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез — құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады. Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда қолданылады. Сонымен қатар, тестке байланысты бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
– адамның қабілетін, бейімін, ерік-жігерін анықтайтын арнаулы тапсырма;
– социологиялық зерттеу сауалнамасы.
– басқа да түсіндірмелерде тест жеке дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі тапсырмалар жиынтығы.
– қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар;
– тест арқылы зерттеушілік материалдарды тез жинауға болатын тапсырмалар;
–формасына қарай тапсырмалар жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет